«Төлдерін тап?» дидактикалық жаттығуы Мақсаты: ал қарсылықты шылауы бар салалас құрмалас сөйлемді
практикалық меңгеру.
Көрнекілік материал :
жануарлар мен олардың төлдері бейнеленген
заттық суреттер.
Ойын барысы . Балалар ең алдымен қарапайым сөйлемдер
құрастырады: «Сиыр,бұзау». Кейін тәрбиешінің үлгісі бойынша екі сурет
жұбымен салалас құрмалас сөйлем құрастырады:
- Сиырдың төлі бұзау, ал ешкінің төлі лақ.
Тірек сөздер немесе көрсетілген әрекеттер бойынша дидактикалық
ойындарды қолдануға болады.
8. «Еркелетейік» дидактикалық жаттығуы Мақсаты: сүйіспеншілік мағынасын жұрнақ көмегімен сөзжасалымды
практикалық меңгерту.
Ойын барысы . Балалар қол ұстасып әндетіп ойын ойнайды:
Қол ұстасып айнала, еркеледік баршаға, Шеңберге шақырдық, атын атадық, Шеңберге сен шықшы, Жалаушаны алшы. Кейін кезекпен әрбала бір
-
бірін ерекелетіп атын атап ,бір
-
біріне
жалаушаны береді.
Орташа топ 1. «Әртүрлі шелек» дидактикалық жаттығулары Мақсаты : Балаларды сын есімдерді орта текті зат есіммен
қиыстыруды жаттықтыру.
Көрнекілік материал :
әртүрлі түсті және көлемді үш шелек, сары
және қызыл алмалар
.
Ойын барысы . Тәрбиеші сұрайды, балалар жауап береді.
- Үстелдің үстінде қандай шелектер тұр?
- Кішкентай жасыл шелек.
- Кішкентай қызыл шелек.
- Үлкен ақ шелек.
- Қазір сендер көздеріңді жұмыңдар, ал мен бір шелекті алып
тастаймын. Сендер қандай түсті шелектің жетіспейтіндігін табуларың қажет.
Келесідей жауап беру керек: «Кішкентай көк шелек жетіспей тұр» (жаттығу
4-
5 рет қайталанады).
- Қалқанқұлақ
сары алманы шелектердің біреуіне жасырады. Сендер
зейін қойып қарап, Қалқанқұлақ қай шелекке сары алманы жасыратындығын
байқауларың қажет. Ол туралы келесідей айтуларың керек: «Қалқанқұлақ
сары алманы кішкентай көк шелектің ішіне жасырып қойды». Кейін
Қалқанқұлақ
алмаларды әртүрлі
шелектерге жасырады. Балалар
оның әрекеті
туралы сөйлемдер құрастырады.