Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрлігі «Кәсіпқор» Холдингі» коммерциялық емес акционерлік қоғамы



Pdf көрінісі
бет91/163
Дата30.11.2022
өлшемі1,63 Mb.
#160467
1   ...   87   88   89   90   91   92   93   94   ...   163
Байланысты:
1 til damytu negizderi

Сөзжасамды меңгеру.
 
Сөзжасам 

бұл түзету және ескертуді қажет 
ететін сөз қателігі емес, керісінше баланың тілде бар лексикалық байлығын 
меңгерудің заңды жолы. Баланың сөйлеуін зерттеушілер, сөзжасамның 
балаға сөздің белгілі болған (естіген), алайда жеткіліксіз меңгерілген 
жағдайда басталатындығын атаған.
 
Мысалы: «читус», «поливас», «окниг». 
Бұл жерде ортақ стратегия қарастырылады: грамматикалық нысандардың 
кейбір маңызды өзгерулерін көрсету. Сонымен бірге, алғашқы кездегі құрал 
әртүрлі болуы мүмкін. Сөзжасам 3,5 жастан 5,5
-
6 жасқа дейінгі балаларда 
жиі байқалады. Кейін оның құлдырауы басталады. К.И.Чуковский бұл
құбылысты тілге деген табиғи сезгіштіктің төмендеуімен, лингвистикалық 
кемеңгерліктің 
жойылуымен 
байланыстырған. 
Д.Б.Богородицкий 
сөзжасамның құлдырауын баланың үлкен морфологиялық тілімен, 
морфологиялық элементтердің тұтасуымен түсіндірді, нәтижесінде сөздер 
тұтас «гештальт» ретінде қолданыла бастайды. А.Н.Гвоздев бұл құбылысты 
мектеп жасына дейінгі баланың үлкендер сияқты сөйлеуге талпынысымен, 
тілдің грамматикалық нормаларын меңгеру ниетімен байлыныстырды.
5.2. 
Мектеп жасына дейінгі балаларды грамматикалық дұрыс 
сөйлеуге үйрету сабақтарындағы ұйымдастыру жұмыстары
Грамматикалық дұрыс сөйлеуді ұйымдастыру жұмысы барысында 
келесі жағдайларды ескеру қажет.
1. Бала тілдің грамматикалық құрылымының әртүрлі жағын (синтаксис, 
морфология, сөзжасам) әртүрлі меңгереді. Сондықтан да, әр жастық сатыда 
оның тек бір жағы ғана алдыңғы жоспарға шығады.
2. Мектеп жасына дейінгі балаларды сабақ үдерісінде күнделікті 
қарым
-
қатынас жағдайында әдетте қиын меңгерілетін дағдыларға үйрету 
қажет (сын есімдер мен есімдіктердің текте зат есімдермен келісуі, бұйрық 
райындағы етістіктердің, көптік жалғаулы ілік септігіндегі зат есімдердің 
күрделі нысандарының жасалуы және т.б.). Балаға сөз түрлендірудің типтік 
тәсілдерінде толық, әрі кең бағдарын беру, тіл сезгіштігін, тілге деген
зейінді 
қарым
-
қатынасты тәрбиелеу арқылы тілдік материалды таңдау қажет, 
балалардың практикада сөйлемдердегі сөздерді келісу, басқару және қабыса 
байланысу ережелерін меңгерулеріне көмектесу қажет.
Грамматикамен жұмыс әрбір балаға күрделі сөйлеу міндеттерін шешу 
мүмкіндігі ұсынылатындай етіліп құрастырылуы қажет.
3. Грамматикалық дамуды басқару ең алдымен ересек адаммен арнайы, 
біріккен әрекетін ұйымдастыру арқылы, баланың педагогпен және 
құрдастарымен қарым
-
қатынасы арқылы жүзеге асырылуы керек. 
4. Грамматикалық дұрыс сөйлеуді қалыптастыру бойынша сабақтар 
барлық жастық топтарында көрнекілік материалмен және оларсыз берілетін 
дидактикалық ойындар мен жаттығулар сипатына ие. Ойындар мен 
жаттығулар 5
-
10 минут алады, яғни тек сабақтың бөлігін құрайды. Оқытудың 
белсенді әдістері үлгі, түсіндіру, қайталау, салыстыру, сондай
-
ақ түзету және 
білдіртпей айту болып табылады.


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   87   88   89   90   91   92   93   94   ...   163




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет