Теміртапшылықты анемия - организмде темір тапшылығынан болатын, анемиялық және сидеропениялық белгілермен, гемоглобин концентрациясының төмендеуімен сипатталатын патологиялық жағдай.
Классификациясы
I дәреже (жеңіл) – Hb деңгейі 110-90 г/л;
II дәреже (орташа) –Hb деңгейі 90-70 г/л;
III дәреже (ауыр) –Hb деңгейі 70 г/л төмен.
Қауіп-қатерлі факторлар:
- жүкті əйелдер анемиясы;
- нəрестенің шала туылуы;
- тиімсіз тамақтану;
- АІЖ аурулары;
- ішек құрттық инвазия;
- қан ағу;
- төмен əлеуметтік жағдай.
Диагностика критерилері: 5 жастан кіші балаларда, ТТА қандағы гемоглобин концентрациясында 110 г/л-ден аз немесе гематокрит деңгейінде 33%-тен аз анықталады.
Шағымдар мен физикальдік қарап-зерттеу:
Жалпыанемиялық синдром: әлсіздік, жоғарғы деңгейлі шаршағыштық, бас айналуы, бас ауыруы (көбінесе кешкі уақытта), физикалық жүктемеден кейінгі ентігу, жүрек қағу сезімі, синкопальды жағдайлар, артериялық қысымның жоғарғы емес деңгейі кезіндегі көз алдында «қарауытулардың» болуы, жиі түрде температураның орташа жоғарылауы байқалады, көбінесе күндіз ұйқышылдық және түнде нашар ұйықтау, ашушаңдық, күйгелектік, қызбалық, даулылық, жылауықтық, жады мен зейіннің төмендеуі, аппетиттің нашарлауы. Шағымдардың көрінуі анемияға бейімделуге байланысты болады. Ең жақсы адаптация ретінде анемизацияның баяу қарқыны болып табылады.
Достарыңызбен бөлісу: |