Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрлігі «Кәсіпқор» Холдингі» коммерциялық емес акционерлік қоғамы



Pdf көрінісі
бет106/163
Дата30.11.2022
өлшемі1,63 Mb.
#160467
1   ...   102   103   104   105   106   107   108   109   ...   163
Байланысты:
1 til damytu negizderi

 
Тапсырма:
 
1. Балаларды әңгімелесуге дайындау жоспарын құрастырыңдар.
2. «Көлік түрлері» тақырыбында дайын әңгіме әдісімен диалогтық 
сөйлеуді дамыту бойынша сабақты жүргізуге дайындалыңдар. 
3. Өздеріңмен дайындалған әңгімені негізгі балабақшада жүргізіңдер. 
6.3. Айтылымға үйрету міндеттері
Балабақшада айтылым дағдыларын қалыптастыруға басты назар 
бөлінеді. Балаларды жүйелі сөз сөйлеуге үйретеді, бұл өзінің бөліктері 
арасындағы дербестікпен, аяқталумен логикалық байланыспен сипатталады. 
Мектеп жасына дейінгі жаста ауызша монологтық сөйлеудің екі түрі
меңгеріледі: мазмұндау және әңгімелеу. 
Мазмұндау

тыңдалған
көркем 
шығарманы жүйелі мәнерлі айту. Мазмұндау 

салыстырмалы оңай сөздік 
әрекеті. Бала дайын мазмұнын айтып береді және автор мен дауыстап оқушы 

тәрбиешінің дайын сөйлеу нысанымен қолданылады. Әрине, баланың 
мазмұндауында шығармашылық элементтері кездеседі 

бұл мәтінді жатқа 
жеткізу, механикалық жаттап алу емес. Баланың мәтінді түсінуі, оны еркін 
жеткізуі маңызды, алайда кейіпкермен бірге мазасыздана отыра, автордың 
негізгі лексикасын сақтау қажет. Балабақшада негізінен толық немесе мәтінге 
жақын мазмұндау қолданылады, бірақ айтушы адамды өзгерте отыра 
мазмұндау (бірінші адамнан емес, үшінші адамнан және керісінше), үзіндісін 
мазмұндау (дидактикалық ойындарда), ұқсастық бойынша мазмұндау 
(кейіпкерді, мезгілді және т.б. ауыстырумен), сахналық мазмұндау 
(ойыншықтармен, кескіндермен, «актер» 

балалармен) секілді нұсқалар 
мүмкін болады. . 
Әңгімелеу

қандай да бір фактіні, оқиғаны дербес құрастырылған 
толық айту. Әңгіме құрастыру (тапсырма бойынша) 

мазмұндауға қарағанда 
күрделірек әрекет. Бала берілген тақырыпқа сәйкес баяндаудың сөздік 
нысанын таңдауы және мазмұнын өзі анықтауы қажет. Материалды 
жүйелендіру, оны жоспар бойынша (тәрбиешінің немесе өзінің) қажет 
реттілікпен баяндау маңызды міндет болып табылады. Балаға оның 
әңгімесінің қажет екендігін көрсеткен, табиғи пікірін айту қажеттілігін 
қолдаған 
жөн. 
Балалар 
өз 
әңгімелерінен 
қуанышты 
және 
қанағаттанушылықты сезінуі маңызды. 


68
Әңгімелер
нысаны бойынша сипаттаушы және сюжеттік болуы мүмкін. 
Сипаттау 

жеке затқа немесе құбылысқа тән белгілерді баяндау. Әдетте 
сипаттау іскерлік сипатта болады, онда нақты анықтамалар мен жағдайлар 
көп беріледі, бірақ балаларды тартатын бейнелік элементтерінің болуы тиіс. 
Сонымен қатар, сипаттау қысқа болуы қажет. Мысалы, тәрбиешінің 
ойыншық үйректі сипаттауы (орта топтағы сабақ): «Бұл Кряк үйрегі. Ол сап
-
сары, мамықты. Кряктың көздері үлкен қара түйме сияқты. Үйрек күлкілі. 
Өзі үлкен және толық, ал қанаттары кішкентай. Кряк берет киіп алып, 
теңселе жүре жөнелді: «Кряк
-
кряк
-
кряк» ( В. В. Гербовой бойынша). 
Сипаттау әңгімесіне тән құрылым, композиция бар. Оның басында зат 
аталады (немесе суреттің қысқаша мазмұны айтылады), кейін тексеру ретіне 
сәйкес
сипатты белгілер, тағайындалуы және бөлімдердің өзара байланысы 
көрсетіледі, қорытындыда заттың тағайындалуы немесе онымен жасалған 
әрекет туралы айтылады. Қандай да бір еңбек үдерісін сипаттау оның 
реттілігіне тіреледі (мен кемені қалай жасаймын, жуу және т.б.). 
Сипаттаушы әңгімелердің әртүрлілігі 



Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   102   103   104   105   106   107   108   109   ...   163




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет