Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрлігі «Кәсіпқор» Холдингі» коммерциялық емес акционерлік қоғамы


Ұсынылған сюжетке әңгімені ойдан шығару



Pdf көрінісі
бет128/163
Дата30.11.2022
өлшемі1,63 Mb.
#160467
1   ...   124   125   126   127   128   129   130   131   ...   163
Байланысты:
1 til damytu negizderi

Ұсынылған сюжетке әңгімені ойдан шығару. 
Мектепалды даярлық 
тобындағы балаларды ұсынылған (сөздік) тақырыпқа әңгімелерді ойдан 
шығаруды үйрету сұрақтары педагогикалық әдебиетте жақсы сипатталған. 
Балалар әңгімелерінің тақырыбы, сабақ жүргізу әдістемесі Е.И. Тихеевамен, 
О.И. Соловьевамен, Л.А. Пеньевскаямен зерттелген.
Практикада «Қыз 
қолғабын қалай жоғалтын алды», «Бала күшікті қалай тапты», «Балалар 
көршіге қалай көмектесті» және т.б. тақырыптар кең таралған. Э.П. 
Короткова «Славик жаңа қоныстанушы болды», «Балабақшада жаңа қызды 
қарсы алып жатыр» және т.б. тақырыптарында сабақтар құрастырған.
Педагог алты
-
жеті жасар балалармен келесі
тәсілді падалануы мүмкін: 
бір кейіпкермен біріктірілген миниатюра әңгімелерін ойдан шығару. Бұл 
бірнеше сабақта ойдан шығарылатын, жалғасы бар әңгімелер. Мысалға, 
«Лена туралы» миниатюра серияларына тақырыптар: «Лена қандай болды?», 
«Ленаның жаңа көйлегі», «Балабақшада ойыншықтың қайсысы Ленаға қатты 
ұнады?», «Балалар Ленаға өздерінің суреттерін көрсетіп жатыр» (Э.П. 
Короткованың 
тәжірибесінен). 
Шығармашылық 
әңгімелердің 
мазмұндылығымен және әртүрлілігімен жұмыс істеу баланың бақылау, 
қабылдау тәжірибесін байытумен, оның белсенді сөздігін кеңейтумен қатар 
жүруі қажет. 
Балалардың сөздік шығармашылығы әңгімелердің қарастырылған 
түрлерімен шектелмейді. Үлкен жастағы мектеп жасына дейінгі балалар 
ертегілер, өлеңдер шығарады. Алты
жастағы баланың ойдан шығарған
ертегісін мысал ретінде келтірейік: «Баяғыда жасыл шөп өмір сүріпті. Ол 
басын жоғары көтеріп, ақ қайыңның жапырақтарын көре алмайтын: олар 
жоғары, оларға бәрі көрінеді. Бірақ шөпте жіңішке аяқты көгілдір қоңырау 
өсіп шықты. Енді шөп ешкімге қызғанбайды. Ол қоңыраудың нәзік 
шылдырын тыңдап, осы әуенге ақырын жайқалды» (О.С. Ушакованың 
жазбасы). 
Әңгімелер мен ертегілерді, сондай
-
ақ балалар әңгімелеуінің басқа да 
түрлерін ойдан шығару білігін бекіту үшін сөздік дидактикалық ойындарды 
қолдануға болады. «Өтіріктер» секілді ойындар қалжың сезімін, ақыл
-
ой 
сынын, ұқсас баяндаманы бейнелеп құруды дамытады. Ең алдымен бұл 
ойындардың үдерісінде педагог балаларды ертегілерде, оның әзіл 
әңгімелерінде өтірікті аңғаруға, содан соң қиялдағы жағдайларды құрастыра 
отыра өздеріне шығаруда үйретеді. «Өтірікті кім көбірек аңғарады?», «Ал, 
егер....», «Өтірікті ойдан шығар» ойындар әдістемесі А.К. Бондаренкомен 
құрастырылған. 


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   124   125   126   127   128   129   130   131   ...   163




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет