82
4. Айтылым үшін ойыншықтар таңдаңдар. Ойыншықтар туралы
әңгімелер құрастырыңдар және оларды талдаңдар.
5. «Жеке тәжірибеден айтылымға үйрету»
тақырыбы бойынша сабақ
конспектілерін құрастырыңдар.
6. Шығармашылық әңгімелер мен ертегілерді құрастыру үшін тақырып
таңдаңдар.
6.7. Балаларды мазмұндауға үйрету
Балалардың жүйелі
монологтық
сөйлеуі мазмұндау бойынша
сабақтарда сәтті дамиды. Балабақшада әдеби шығармаларды мазмұндау бұл
үлгі негізінде сөйлеуді дамыту құралы; мәні тыңдалған мәтінді жүйелі
мазмұндау болып табылатын балалардың жұмыс түрі. Бұл айтылыммен
салыстырғанда монологтық сөйлеудің жеңілдірек түрі, себебі ол
шығарманың авторлық композициясын ұстанады,
онда дайын авторлық
сюжет пен дайын сөйлеу нысандары мен тәсілдері пайдаланылады. 5 жастан
асқан балаларды ғана мазмұндауға үйрету қажет, себебі бұл кезде балаларда
монологтық сөйлеудің негізі салынады. Бұл жасқа дейін дайындық
жаттығуларын жүргізу қажет.
Екінші кіші топта педагог балаларды ертегідегі, әңгімедегі әрекеттің
дамуын қадағалауға; шығарма кейіпкерлерін
атауға және оларға жаны
ашуына үйретеді. Балалардың
мазмұндаумен байланысты сөйлеу әрекеті
бастапқыда сұрақтарға жауап нысанында болады, сондай
-
ақ
жеке сөздерді
немесе сөйлемдерді айтуына түрткі бола балаларды педагогпен бірлескен
мазмұндауына тартуға болады (тәрбиешінің ертегіні қаталап айту кезінде).
Бұл
жұмыс көркем әдебиетпен танысу сабақтарында жүргізіледі.
Орта топтан бастап мазмұндау бойынша арнайы ұйымдастырылған
сабақтар жүргізіледі. Мазмұндау сөйлеу әрекетінің жаңа түрі болып
табылады. Сондықтан да балалардың мазмұндауға жанды қызығушылығын
тудыру, белсенділік пен дербестіліктің пайда болуын қолдау маңызды болып
табылады.
Балалардың
әдеби
-
көркем
шығармаларын
қабылдау
ерекшеліктерін, сондай
-
ақ ойлау, сөйлеу, зейіннің даму деңгейі үдерістерінің
ерекшеліктерін ескеру қажет. Ең бірінші сабақтарда балаларға бұрыннан бері
жақсы
таныс ертегілерді, ал кейінгілерде
–
жаңа тыңдалған мәтіндерді
мазмұндау ұсынылады. Әдеби шығарманы қабылдау және оны мазмұндауда
4-
5 жастағы балалар педагогтың көмегін қажет етеді. Олар үшін сипатталған
оқиғаның мәнін түсіну, әңгіменің немесе ертегінің бөліктері арасындағы
логикалық байланысты аңғару қиын. Сондықтан да балалардың
мазмұндауында
материалды қалдырып кету, бұрмалау, ауыстыру туындауы
мүмкін, сол кезде мазмұндау түпнұсқаның мазмұны мен құрылымына сәйкес
келмейді. Бала
әлі де бейнелі сипаттауды, салыстыруды дербес ажырата
алмайды және оларды қалдырып кетеді.
5-
6 жастағы балалар әдеби шығармаларды
мазмұндаған кезде мектеп
жасына дейінгі кішкентай балаларға қарағанда үлкен белсенділік пен
дербестік көрсетуе қабілетті. Бұл жастар көркем шығармаларды қабылдау
және эмоциялық меңгеру үдерістері жетілдіріледі. Мектеп жасына дейінгі
83
4. Айтылым үшін ойыншықтар таңдаңдар. Ойыншықтар туралы
әңгімелер құрастырыңдар және оларды талдаңдар.
5. «Жеке тәжірибеден айтылымға үйрету» тақырыбы бойынша сабақ
конспектілерін құрастырыңдар.
6. Шығармашылық әңгімелер мен ертегілерді құрастыру үшін тақырып
таңдаңдар.
Достарыңызбен бөлісу: