Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрлігі «Кәсіпқор» Холдингі» коммерциялық емес акционерлік қоғамы



Pdf көрінісі
бет76/163
Дата30.11.2022
өлшемі1,63 Mb.
#160467
1   ...   72   73   74   75   76   77   78   79   ...   163
Байланысты:
1 til damytu negizderi

 
Заттармен ойын. 
Заттармен ойында ойыншықтаржәне шынайы заттар 
қолданылады. Балалар олармен ойнай отыра, салыстыруды, заттардың 
ұқсастығы мен ерекшеліктерін анықтауды үйренеді. Бұл ойындардың 
құндылығы 

балалар олардың көмегімен заттардың ерекшеліктерімен 
танысады: түсі, өлшемі, пішіні, сапасы. Ойындарда салыстыру, жіктеу, 
міндеттерді шешудегі жүйелілікті анықтау жүзеге асырылады. Балалар 
заттық орта жөнінде жаңа білімдерді меңгере отыра ойындардағы 
тапсырмалар күрделенеді: балалар затты қандай да бір сапасы бойынша 
анықтауға жаттығады, осы белгілер бойынша заттар біріктіріледі (түсі, 
пішіні, сапасы, тағайындалуы және т.б.), дерексіз логикалық ойлауды дамыту 
үшін маңызды. Кіші топ балалары үшін сипаты бойынша бір
-
бірінен 
ерекшелетін заттар беріледі, себебі бұл топ балалары заттар арасындағы 
болмашы айырмашылықты таба алмайды.
Орта
топта айырмашылығы сәл байқалатын заттар ойында 
қолданылады. Балалар заттармен ойында заттардың саны мен орналасуын 
саналы еске сақтауын, жетіспейтін затты табуды талап ететін тапсырмаларды 
орындайды. Балалар ойнай отыра, бөлшектерден тұтасты құрастыру, 
заттарды тізу (кішігірім шарлар, моншақтар), әртүрлі
пішіндерден өрнек 
жасау біліктерін меңгереді. Қуыршақтармен ойнау кезінде балалардың 
бойында мәдени
-
гигиеналық дағдылар және өнегелі қасиеттер қалыптасады, 
ойындағы серіктесі
-
қуыршаққа деген қамқорлық қарым
-
қатынасы болашақта 
өзінің құрдастарына, үлкен балаларға алмасады. Әртүрлі ойыншықтарды 
дидактикалық ойындарда кеңінен қолданылады. Ойыншықтардың түсі, 
пішіні, тағайындалуы, көлемі, жасалған материалы ашық көрінеді. Бұл 
тәрбиешіге белгілі бір дидактикалық міндеттерді шешуде балалармен 
жаттығуға мүмкіндік береді, мысалы, ағаштан (металдан, пластмассадан, 
керамикадан) жасалған ойыншықтардың немесе әртүрлі шығармашылық 
ойындар үшін қажетті ойыншықтардың: отбасы ойыны, құрылысшы, 


50
ұжымшар, аурухана және т.б. барлығын алып тастау. Бұл жерде ойыншықтар 
жасалған
материал туралы білім, сондай
-
ақ адамдарға әртүрлі әрекет 
түрлерінде қажетті заттар туралы білім белсендіріледі.
Тәрбиеші ұқсас мазмұнды дидактикалық ойындар көмегімен балаларда 
дербес ойынға қызығушылығын тудырады, таңдалған ойыншықтар арқылы 
ойынның
мәнін білдіртпей айтады.


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   72   73   74   75   76   77   78   79   ...   163




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет