Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрлігі «Кәсіпқор» Холдингі» коммерциялық емес акционерлік қоғамы



Pdf көрінісі
бет72/163
Дата30.11.2022
өлшемі1,63 Mb.
#160467
1   ...   68   69   70   71   72   73   74   75   ...   163
Байланысты:
1 til damytu negizderi
Дүниежүзі тарихы 5- сынып ниш, 7. практика ДОШКОЛЬНОЕ ОБР. Д-19-2 ОБР. КВ.НЯНЯ., Аралық бақылау, философия2
1.
Саяхаттау ойындары
әсерді күшейтуге, балалардың назарын 
қасында орналасқанға аударуға үндейді. Олар байқағыштықты күшейтеді, 
қиындықтарды жеңуді қөрсетеді. Бұл ойындарда ойын әрекетімен бірге 
тіркесте таным мазмұнын ашудың көптеген тәсілдері қолданылады: 
міндеттер қою, оны шешу тәсілдерін түсіндіру, міндеттердің кезеңмен 
шешілуі және т.б.
2.
Тапсырма ойындары 
мазмұны бойынша қарапайым, ал ұзақтығы 
бойынша 

қысқа. Олардың негізінде заттармен, ойыншықтармен, сөздік 
тапсырмалар жатыр. 
3.
Болжау ойындары 
(«Егер..... болса, не болар еді»). Балалардың 
алдына кейінгі әрекетті түсінуді талап ететін міндет қойылады және жағдай 
жасалады. Сонымен бірге, балалардың ойлау қабілеті қосылады, олар бір
-
бірін естуді үйренеді. 
4. Жұмбақ жасыру ойындары
.
Олардың негізінде білімдерді
тапқырлықты тексеру жатыр. Жұмбақтарды шешу талдау, жалпылау, 
пайымдау білігін қалыптастыру, қорытынды жасау біліктерін дамытады. 
5

Әңгімелесу
 
ойындары
.
Оның негізінде сөйлесу жатыр. Уайымның, 
қызығушылықтың,
ақкөңілділіктің тікелей болуы негізді болып табылады. 
Бұндай ойын эмоциялық және ойлау үдерістерін қосуға талап қояды. Ол 
сұрақтар мен жауаптарды тыңдау білігіне, мазмұнына зейін қоюға
айтылғанды толықтыруға, пікірін айтуға тәрбиелейді. Танымдық материал
ойынның бұл түрін жүргізу үшін оңтайлы көлемде, балалардың 
қызығушылығын тудыру үшін қолжетімді және түсінікті берілуі қажет. 
Танымдық материал лексикалық тақырыппен, ойын мазмұнымен 
анықталады. Ойын, ең алдымен балалардың ойлау қабілеттеріне сәйкес келуі
қажет. 
Дидактикалық ойын мектеп жасына дейінгі педагогикада оқыту ойын 
және дидактикалық міндет негізінде жүретін оқыту мақсаттарын үшін 
құрастырылады. Бала дидактикалық ойында тек жаңа білімді алып қана 
қоймай, сондай
-
ақ оларды қорытындылайды және бекітеді. Дидактикалық 
ойын бір уақытта ойын әрекетінің түрі және тәрбиешінің баламен өзара 
әрекет етуін ұйымдастыру нысаны ретінде болады. Оның ерекшелігі осында. 
Осылайша, педагогтың жұмысында дидактикалық ойындарды пайдалану 
балалардың сөйлеу белсенділігінің
дамуына және тәрбиелік
-
білім беру 
жұмысының нәтижелілігінің жоғарылауына әкеледі. 


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   68   69   70   71   72   73   74   75   ...   163




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет