53
IV
ТАРАУ. ӘРТҮРЛІ ЖАСТЫҚ ТОПТАРДАҒЫ БАЛАЛАРДЫ
ДҰРЫС АЙТЫЛЫМҒА ҮЙРЕТУ ӘДІСТЕМЕСІ
4.1.
Сабақтарда және күнделікті өмірде сөйлеудің дыбыстық
мәдениетіне
тәрбиелеу
Сөйлеу мәдениеті
–
сөйлеу қарым
-
қатынасы мен пікірдің мақсатын
ескере отыра, айтылып жатқанның мазмұнына сәйкес барлық тіл
құралдарымен (дыбыс құралдарымен, соның ішінде интонация, лексикалық
қор, грамматикалық нысандар) дұрыс қолдану білігі болып табылады.
Сөйлеудің дыбыстық мәдениеті сөйлеу мәдениетінің құрамдас бөлігі
болып табылады. Мектеп жасына дейінгі балалар оларды қоршаған
адамдарымен қарым
-
қатынас жасау процесінде меңгереді. Балалардың
жоғары мәдени сөйлеуіне тәрбиеші зор әсер етеді. Сөйлеудің дыбыс
мәдениетін тәрбиелеу жұмысының негізгі бағыттарын анықтай отыра,
педагог алдына келесі міндеттер қойылады: балалардың сөздердегі
дыбыстарды анық айтуын, сөздерді дұрыс айтуын, анық айтылымға (жақсы
дикция), балалар сөйлеуінің мәнерлілігін тәрбиелеу [6].
Сөйлеудің дыбыстық мәдениетін тәрбиелеуін тек дыбыстардың дұрыс
айтылымын қалыптастыруына ғана аудармау қажет. Дұрыс дыбыс
айтылымын қалыптастыру сөйлеудің дыбыстық мәдениеті бойынша
жұмыстың тек бір бөлігі болып табылады. Тәрбиеші балаларға сөзді дұрыс
айтуын ,сөздердің анық шығарылуын, дауысты қолдануды білуін меңгеруге
көмектеседі, балаларды асықпай интонациялық мәнерлі сөйлеуіне үйретеді.
Тексеруге арналған материал тәрбиешімен таңдалады және дұрыс
рәсімделеді. Дыбыс айтылымын тексеру үшін белгілі бір дыбыстарға заттық
суреттер болуы қажет. Тәрбиеші тексерілетін дыбыстар сөздің басында,
ортасында және аяғында орналасқан суреттерді таңдайды. Суреттер бояулы
және мазмұны мен орындалуы бойынша қолжетімді болуы қажет. Заттық
суреттердің өлшемі
-
10*10 см.
Достарыңызбен бөлісу: