«Тәтті тосап»
Мазмұны
. Тәрбиеші: «Лаура құлпынай тосабын жеді және үстіңгі
ернін ластады. Лаура осылай (көрсетеді) жалпақ тілімен тосапты үстіңгі
еріннен жалап алды». Содан соң ол балаларға ауыздарын сәл ашып, тілінің
жалпақ шетімен үстіңгі ернін жалағандай жоғарыдан төмен қимыл жасауын
ұсынады.
Әдістемелік нұсқаулар.
Балалар тілмен жан
-
жаққа емес, жоғарыдан
төмен қимыл жасауын қадағалау. Тілі жалпақ болуы қажет.
«Мынау саңырауқұлақ!»
Мазмұны
. Тәрбиеші балаларға саңырауқұлақтың қалпағы мен аяғының
бар екенін естеріне түсіреді. Қалпағы жалпақ, ал аяқтары әртүрлі болады.
Содан соң балаларға тілін саңырауқұлақ секілді жасауды ұсынады. Ол үшін
тілді көтеріп, арқасымен жоғары басу қажет, сонда жіңішке аяқ көрінеді
(тіластылық жүген).
Әдістемелік нұсқаулар.
Педагог
балалардың
саңырауқұлағы дұрыс
шығуы үшін олардан ауызын ашып күлуді және тілді таңдайға жабыстыруды
сұрайды. Егер кейбір балалар оны жасай алмаса, алдымен оларға таңдайын
қағуды, кейін оны жоғарыда ұстап қалуды ұсынады.
2-
інші жұмыс түрі
–
оқшауланған дыбыстың айтылуын және сөйлеу
естілімін дамытуды анықтау. Тәрбиеші оқшауланған дыбысты айту немесе
оны еліктеу арқылы шығару үшін ойындар немесе ойындық жаттығулар
береді. Балалардың зейіні сол дыбысты айту және оның дыбыстау кезінде
артикуляциялық аппарат мүшелерінің
орналасуына шоғырланады. Дыбыс
топтарынан бұл дыбысты ажырату үшін ойындар қолданылады. Жұмыстың
бұл түрі сөйлеу естілімін тәрбиелеуге, дауыстың қаттылығын өлшеуді білуге,
сөйлеу тынысын, артикуляциялық аппараттың дамуына әкеледі.
Мақсаты:
артикуляциялық аппарат мүшелерінің қимылын анықтау,
оқшауланған «Ж» дыбысын дүрыс айту. Сөйлеу естілімін, дауысты дамыту,
ауызбен ұзақ тыныс шығаруды үйрету
.
Достарыңызбен бөлісу: |