Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрлігі «Кәсіпқор» Холдингі» коммерциялық емес акционерлік қоғамы



Pdf көрінісі
бет70/163
Дата30.11.2022
өлшемі1,63 Mb.
#160467
1   ...   66   67   68   69   70   71   72   73   ...   163
Байланысты:
1 til damytu negizderi
Дүниежүзі тарихы 5- сынып ниш, 7. практика ДОШКОЛЬНОЕ ОБР. Д-19-2 ОБР. КВ.НЯНЯ., Аралық бақылау, философия2
Ойын ережелері. 
Ойын ережелерінің негізгі мақсаты 

балалардың 
әрекетін, мінезін ұйымдастыру. Ережелер ойында балаларға бірдеңені тыйым 
салуы, рұқсат беруі, бұйыруы, ойынды қызықты, қызу болдыруы мүмкін.
Ережелер қаншалықты қатаң болса, ойын соншалықты кернеулі және өткір 
болады. Ойында ереженің сақталуы балалардан белігілі бір ерік күшін, 
құрдастарымен
қарым
-
қатынас жасау білігін, нәтиже сәтсіздігінен 
туындайтын жағымсыз эмоцияларды болдырмауды талап етеді. Ойын 
ережесін анықтай отыра, балалардың тапсырма орындаудан қуанышын 
тудыратын жағдайлар ұсыну. Балалардың ойындарында «Айдос, бәрі сенің
кесірінен! Енді бізбен ойнамайсың!» немесе «Сен бізбен ойнауға сұранып

барлығын өзің бүлдірдің!» сөздерін жиі естуге болады. Тәрбиелік 

білім 
беру үдерісінде дидактикалық ойындарды орындай отыра, балалардың 
бойынша оның ережелері мен әрекеттері арқылы
әдептілікті, ұстамдылықты, 
ақкөңілділікті қалыптастыру қажет. 
Ойын әрекеттері. 
Дидактикалық ойын ондағы ойын ережелерінің 
орындалуы ойын әрекеттерінің бағытталуымен, бақылануымен ойын 
жаттығуларынан ерекшеледі. Мысалы, «Бұл шындық па әлде жоқ па?» 
ойынында барлығы жалған: 
Жылы көктем бізде,
 
Жүзім пісті мүлде.
 
Мүйізді ат жайлауда
 
Секіреді қар үстінде жазда.
 
Аю кешкі күзде 
 
Арықта отырады сүйсіне.
 
Ал қыста бұтақ арасында
 
Бұлбұл әндетті «Га
-
га
-
га!» 

Жауапты тез сен айт маған 

 
Бұл шындық ба әлде жалған

Ойын балалардың кезекпен қол көтере отыра барлық ауыстырылған 
жалған сөздерді атауы үшін жиі осылай жүргізіледі. Алайда ойын 
қызықтырақ болу үшін және барлық балалар белсенді қатысулары үшін 
тәрбиеші ойын әрекеттерін енгізеді, мысалы: балаларда үстел басында 
қораптың ішінде текшелер жатады. Өлеңді оқу барысында өтірікті байқаған 
бала өзінің алдына текшені қояды. Бұл өлеңде 6 өтірік бар. Зейін қойып 
тыңдаған және оларды байқаған бала өзінің алдына алты текшені қояды. 
Басқа ойын қатысуышысы бір өтірікті байқап, тек бір текшені қояды. 
Тәрбиеші бір текшені қойған балаға сұрақ қояды?

Сен қандай өтірікті таптың?

Мүйізді ат 

олай болмайды.

Кім бұл өтірікті байқады, сол текшені қорапқа салсын. Ал сен, Анар, 
қандай өтірікті таптың? 

тәрбиеші екі текше қойған қыздан сұрайды.
Анар атайды:

Жазда қар болмайды және бұлбұл «Га
-
га
-
га» деп әндетпейді.
-
Дұрыс, Анар. Балалар, кім тағы өсы өтірікті байқады, өз текшелеріңді 
қорапқа салыңдар. 
Соңғы өтірік аталғаннан кейін ойын аяқталады. Осыдан кейін жеңімпаз 
аталады

Ол сыйлық алады

Бұл белгі, ашық
хат, ту болуы мүмкін. Тек атап 
айтуға да болады: «Қанат жеңді. Ол зейінділік пен тапқырлық танытты. 
Жарайсың!».
Ойын әрекеттерінің дамуы тәрбиешінің ойлап табуына байланысты. 
Кейде балалар ойынға дайындала отыра, өз ұсыныстарын енгізеді: «Біз 
жасырайық, ал біреу оны іздесін?», «Ал мен санамақпен жүргізушіні 
таңдаймын!» немесе «Ыстық
-
суық» ойынын қашан ойнағанымыз естеріңде 
ме? Қалай қызық болды!». Осылайша, әрбір ойын негізгі құраушылардан, 
дидактикалық міндеттерден, ережелерден, ойын әрекеттерінен құралғанда 
дидактикалық ойын болады.
Дидактикалық ойындар оқытушы мазмұны, балалардың таным әрекеті, 
ойын әрекеттері мен ережелері, балалардың ұйымдасуы мен өзара қарым
-
қатынасы, тәрбиешінің рөлі бойынша ажыратылады. Аталған белгілер 
барлық ойындарға тән, алайда біреулерінде бірі айқын көрінеді, 
басқаларында 

басқасы. Әрбір дидактикалық ойын бірнеше элементтерден 
құралады, яғни: дидактикалық міндеті, мазмұны, ережелер мен ойын 
әрекеттері. Дидактикалық ойыннның негізгі элементі дидактикалық міндеті 
болып табылады. Ол сабақ бағдарламасымен тығыз байланысты. Қалған 
барлық элементтер осы міндетке бағынады және оның орындалуын 


46
қамтамасыз
етеді. Дидактикалық міндеттер әртүрлі. Дидактикалық ойынның 
сөйлеуді дамыту бойынша міндеті келесі болуы мүмкін: дыбыстың дұрыс 
шығарылуын, сөздіктің байытылуын, жүйелі сөйлеу мен ойлаудың дамуын 
бекіту. Дидактикалық ойындардың мазмұны әдетте қоршаған болмыс болып 
табылады (табиғат, адамдар, олардың қарым
-
қатынасы, еңбек, қоғамдық 
өмірдің оқиғалары және т.б.). Дидактикалық ойындардағы баланың мінез
-
құлқы, оның әрекеті, басқа балалармен өзара қарым
-
қатынасы ережелермен 
реттеледі. Ережелер әрбір баланың нені және қалай істеуін анықтайды, 
мақсатқа жету жолын көрсетеді. Ереже балалардың бойында ұстамдылық, өз 
мінез
-
құлқын басқару біліктерін тәрбиелейді. Ойын шынымен де тәрбиелік 
мақсатты болуы үшін, балалар оның ережелерін білуі және оларды нақты 
қодануы қажет. Оны тәрбиеші үйретуге міндетті. Әсіресе оны өте ерте 
жастан бастаған маңызды, сонда ғана балалар ереже бойынша әрекет жасауға 
әдеттенеді және бойында дидактикалық ойындардағы мінез
-
құлық біліктері 
мен дағдылары қалыптасады. Ойын әрекеттері дидактикалық ойындарда 
айтарлықтай рөлге ие. Ойын нысанына жасырылған дидактикалық міндеттер 
баланың назары ең алдымен ойын әрекетін өрістетуге және ойын ережелерін 
орындауға бағытталса, сәтті шешіледі. Қандай да бір ынтасыз ойын ойнай 
отыра, дидактикалық міндеттерді байқамастан орындайды. Сабақта 
қолданылатын дидактикалық ойындар ойын әрекеттерінің арқасында оқуды
қызықты, эмоциялы етеді, балалардың үйреншікті зейінін жоғарылатады, 
білімдер, біліктерді және дағдыларды терең меңгеру үшін алғышарт 
жасайды. Ойын әрекеті мектеп жасына дейінгі жастағы үлкен балалар үшін 
ойын қатысушылары арасында жеткілікті күрделі өзара қарым
-
қатынасты 
орнатуы қажет. Ережеге сәйкес ойын әрекетіне ойынның белгілі бір 
жағдайында қандай да бір рөлін орындау жатады. Бала өзінің балалық 
шағындағы қиялындағыдай кескінделген бейненің әрекетіне қарай әрекет 
етеді, осы бейнемен байланысты сәттілік пен сәтсіздікке ұшырайды. 


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   66   67   68   69   70   71   72   73   ...   163




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет