47
қамтамасыз
етеді. Дидактикалық міндеттер әртүрлі. Дидактикалық ойынның
сөйлеуді дамыту бойынша міндеті келесі болуы мүмкін: дыбыстың дұрыс
шығарылуын,
сөздіктің байытылуын, жүйелі сөйлеу мен ойлаудың дамуын
бекіту. Дидактикалық ойындардың мазмұны әдетте қоршаған болмыс болып
табылады (табиғат, адамдар, олардың қарым
-
қатынасы, еңбек, қоғамдық
өмірдің оқиғалары және т.б.). Дидактикалық ойындардағы баланың мінез
-
құлқы, оның әрекеті, басқа балалармен өзара қарым
-
қатынасы ережелермен
реттеледі. Ережелер әрбір баланың нені
және қалай істеуін анықтайды,
мақсатқа жету жолын көрсетеді. Ереже балалардың бойында ұстамдылық, өз
мінез
-
құлқын басқару біліктерін тәрбиелейді. Ойын шынымен де тәрбиелік
мақсатты болуы үшін, балалар оның ережелерін білуі және оларды нақты
қодануы қажет. Оны тәрбиеші үйретуге міндетті. Әсіресе оны өте ерте
жастан бастаған маңызды, сонда ғана балалар ереже бойынша әрекет жасауға
әдеттенеді және бойында дидактикалық ойындардағы мінез
-
құлық
біліктері
мен дағдылары қалыптасады. Ойын әрекеттері дидактикалық ойындарда
айтарлықтай рөлге ие. Ойын нысанына жасырылған дидактикалық міндеттер
баланың назары ең алдымен ойын әрекетін өрістетуге және ойын ережелерін
орындауға бағытталса, сәтті шешіледі. Қандай да бір ынтасыз ойын ойнай
отыра, дидактикалық міндеттерді байқамастан орындайды. Сабақта
қолданылатын дидактикалық ойындар ойын әрекеттерінің арқасында оқуды
қызықты,
эмоциялы етеді, балалардың үйреншікті зейінін жоғарылатады,
білімдер, біліктерді және дағдыларды терең меңгеру үшін алғышарт
жасайды. Ойын әрекеті мектеп жасына дейінгі жастағы үлкен балалар үшін
ойын қатысушылары арасында жеткілікті күрделі өзара қарым
-
қатынасты
орнатуы қажет. Ережеге сәйкес ойын әрекетіне ойынның белгілі бір
жағдайында қандай да бір рөлін орындау жатады.
Бала өзінің балалық
шағындағы қиялындағыдай кескінделген бейненің әрекетіне қарай әрекет
етеді, осы бейнемен байланысты сәттілік пен сәтсіздікке ұшырайды.
Достарыңызбен бөлісу: