Сабақтың мақсаты: а Қыс мезгілі, қыста болатын өзгерістер жайлы, адамдардың еңбегі жайлы түсіндіру



бет1/2
Дата27.12.2016
өлшемі0,77 Mb.
#6305
түріСабақ
  1   2
Сабақтың тақырыбы: Қыс. Қысқы еңбек.

Сабақтың мақсаты:

а)Қыс мезгілі, қыста болатын өзгерістер жайлы, адамдардың еңбегі жайлы түсіндіру;

ә)Оқушыларға жұмбақ жасыру, тапсырмалар орындату арқылы білімдерін одан әрі дамыту;

б)Оқушыларды шапшаңдыққа, еңбекқорлыққа, адамгершілікке тәрбиелеу.



Көрнекілігі: интерактивті тақта, үнтаспа, дидактикалық материал.

Сабақтың әдісі: сұрақ-жауап

Сабақтың барысы:

І.Ұйымдастыру кезеңі:

а) Оқушыларға қажетті құрал жабдықтарды алғызып, сабаққа дайындау.

ә) Психологиялық ақуал нұрға бөлену.

Балалар біз сабағымызды бастамас бұрын көзімізді жұмып , денемізді бос ұстап, нұрға бөленеміз.

Сабағымызды бастамас бұрын сабағымыздың алтын ережесімен танысып алайық:

1.Сабақ үстінде тыныштық сақтау

2.Сұрақтарға қол көтеріп жауап беру

3.Сыныптастарымыздың жауабын тыңдау



ІІ.Өткенді пысықтау:

Сұрақ жауап:

1.Жылдың неше мезгілі болады?

2.Күз мезгіліндегі ай аттарын атаңдар.

3.Күз мезгілінде қандай өзгерістер болады?

4.Адамдар күзде қандай еңбекпен айналысады?

Балалар біз енді жаңа сабағымыздың тақырыбын ашу үшін жұмбақтардың шешуін табуымыз қажет.

1.Қыста ғана болады,

Ұстасаң қолың тонады.

(қар)

2.Екі аяққа байлап,



Сырғанайық жайлап.

(шаңғы)


3.Суда қалқиды ,

Ұстасаң балқиды.

(мұз)

ІІІ.Жаңа сабақ:

Ал енді балалар мына бір үнтаспаны зер салып тыңдаңдар. Үнтаспада не жайлы айтылған.

Абай Құнанбайұлының «Қыс» өлеңін тыңдатып мағынасын ашу.

Қыс дегеніміз бұл жыл мезгілі . Қыс а йлары ол желтоқсан, қаңтар, ақпан. Қыста далада аяз, боран болады, қар жауады, терезелерді қырау басады. Сонымен қатар қыста жап-жасыл болып қалатын ағаштарымыз да бар. Оның бірі шырша. Және де қыстап қалатын құстар да болады. Ол торғай, суық торғай, сауысқан, қарға. Олар ағаштан үсімей қалған пиязшық,тұқым сияқты қалған жемістермен қоректенеді. Қыста адамдар да еңбек етеді. Олар қар күрейді, малдарды қорада бағып күтеді. Малдардың шөбін қораға тасиды, егістікке тыңайтқыш себіледі.



Оқулықпен жұмыс: Оқушыларға тізбектей оқыту.

Суретпен жұмыс. Әр қатарға суреттерді көрсете отырып әңгіме құрату.

Сергіту сәті:

Дәптермен жұмыс:

Балалрға қыс туралы өлең жолдарын жаздырту.

Қысқы аязға қарамай,

Көгеріп тұр қарағай.

Сол секілді төзімді,

Болсам деймін өзімді.



ІV.Қорытынды.

Балалар алда қандай мереке келе жатыр?

Ал ендеше біздің алдымыздағы шыршамыз әлі жаңа жыл мерекесіне безендірілмепті. Шыршаға ойыншықтар ілеміз бе? Олай болса мына ойыншықтарда бірнеше сұрақтар берілген, сол сұрақтарға жауап берсеңдер шыршамызға ойыншық іле аламыз.

1.Қазір жылдың қай мезгілі?

2.Қыс айларын ата?

3.Қыста қандай өзгерістер болады?

4.Қыста қандай мерекелер тойланады?

5.Адамдардың қысқы еңбегі.

6.Қыстан кейін қай мезгіл болады?

7.Қыстап қалатын құстар.



V. Бағалау: Сабаққа жақсы қатысқан оөушыларды ақшақармен бағалау

VІ.Үйге тапсырма: «Қысқы еңбек » тақырыбына сурет салу.






Достарыңызбен бөлісу:
  1   2




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет