Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрлігі «Кәсіпқор» Холдингі» коммерциялық емес акционерлік қоғамы



Pdf көрінісі
бет73/163
Дата30.11.2022
өлшемі1,63 Mb.
#160467
1   ...   69   70   71   72   73   74   75   76   ...   163
Байланысты:
1 til damytu negizderi

 
Сөздік ойындар
Дидактикалық ойындардың әртүрлілігі негізгі үш 
түрге біріктіріледі: заттармен, ойыншықтармен, табиғи материалдармен 
ойын, үстел
-
баспа ойыны және сөздік ойындар. Сөздік ойындар
ойыншылардың
сөздері мен әрекеттерінде құралған. Балалар осындай 
ойындарда заттар туралы бар көріністеріне сүйене отыра білімдерін 
тереңдетуге үйренеді, себебі бұл жерде бұрын алынған білімдерді жаңа 
байланыста, жаңа жағдайда қолдану талап етіледі. Балалар әртүрлі ойлау 
міндеттерін дербес шешулері қажет: заттарға тән сипаттарды ажырата отыра 
оларды сипаттау, ұқсас және айырмашылық белгілерін анықтау, заттарды 
түрлі қасиеттер, белгілер бойынша топтастыру, пікірлерде алогизм табу. Кіші 
және орта топтардаға сөздермен ойын негізінен сөйлеуді дамытуға, дұрыс 
дыбыс шығаруды тәрбиелеуге, сөздікті бекіту мен қолдануға, кеңістікте 
дұрыс бағдардың дамуына бағытталады. Балалардың бойында логикалық 
ойлау белсенді қалыптаса бастайтын мектеп жасына дейінгі үлкен жаста 
сөздік ойындар ойлау әрекетін қалыптастыру, міндеттерді дербес шешу 
мақсатында қолданылады. Бұл дидактикалық ойындар барлық жастық 
топтарда қолданылады, бірақ олар мектеп жасына дейінгі үлкен жастағы 
балаларды тәрбилеуде және оқытуда ерекше маңызды, себебі балаларды 
мектепке оқуға дайындайды: педагогты зейін қойып тыңдау, қойылған 
сұраққа қажет жауапты тез табуға, өзінің ойын нақты және анық жеткізу, өз 
білімін қойылған міндетке сәйкес қолдану білігін дамытады. Сөздік ойындар 
көмегімен балалардың ақыл
-
ой еңбегімен айналыу ниетін тәрбелейді. 
Ойында ойлау үдерісі белсенді жүреді, бала өзін үйретіп жатқандығын 
байқамай ақыл

ой жұмысының қиындығын оңай жеңеді. 
Педагогикалық үдерісте сөздік ойындарды пайдаланудың ыңғайлығы 
үшін
оларды шартты түрде 4 негізгі топқа біріктіруге болады. Олардың 


48
біріншісіне заттардың, құбылыстардың айқын (басты) белгілерін ажырату 
білігі қалыптасады: «Ойлап
тапшы», «Дүкен», «Радио», «Асхат
қайда 
болды?», «Иә
-
жоқ» және т.б. Екінші тобын балалардың бойында салыстыру, 
теңестіру, алогизмдерді байқау, дұрыс ой қорытынды жасау біліктерін 
дамыту үшін қолданылатын ойындар құрайды: «Ұқсайды
-
Ұқсамайды», 
«Өтірікті кім көбірек табады?» және т.б. Заттарды әртүрлі белгілер бойынша 
заттарды жалпылау және жіктеу білігі дамитын ойындар үшінші топқа 
біріктіріледі: «Кімге не керек?», «3 затты ата», «Бір сөзбен ата» және т.б. 
Ерекше төртінші топқа зейінді, аңғарымпаздықты, ойлау тездігін, 
табандылықты, әзіл
-
сықақ сезімді дамыту ойындары жатады: «Бұзылып 
қалған телефон», «Бояулар», «Ұшады
-
ұшпайды», «Қара мен ақты атамау» 
және басқалар.


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   69   70   71   72   73   74   75   76   ...   163




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет