Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрлігі «Кәсіпқор» Холдингі» коммерциялық емес акционерлік қоғамы



Pdf көрінісі
бет114/163
Дата30.11.2022
өлшемі1,63 Mb.
#160467
1   ...   110   111   112   113   114   115   116   117   ...   163
Байланысты:
1 til damytu negizderi

тәрбиешімен басталған 
әңгіменің балалармен аяқталуы
секілді тәсіл орын алады (ұсынылған 
жоспар бойынша, содан соң онсыз). 
Балаларда қиялдың дамуына нұсқаулардың әзір
 
жауабы (сюжет, әрекет 
жағдай және т.б.) әсер етеді. Тәрбиеші балалар жауаптарының біркелкілігін, 
жұтаңдығын көре отыра, осы тәсілге жүгінеді. 
Айтылымға үйретін сұрақтар
қосалқылық рөл ойнайды. Оларды 
негізінен әңгіме құрастырылғаннан кейін, оны нақтылау және толықтыру 
үшін қойылады. Айтылым үдерісінде баланың қандай да бір қателігінде 
сөздің немесе сөйлемнің әзіржауабын, жіберген қателікті түзетуді
пайдаланған дұрыс, бұл сұраққа қарағанда әңгіменің жүйелілігін бұзбайды. 
 
Бағалау
да үйретуші тәсіл болып табылады. Ол балалардың тәрбиеші 
мақтағанға еліктеуі және айыптауынан қашқалақтауы үшін қолданылады

Бағалау тек әңгімесі бағаланатын балаға ған емес, сондай
-
ақ басқа 
балалардың кейінгі әңгімелеріне де әсер етуі қажет. Сондықтан да, сабақ 
соңында берілетін бағалау шынында мәнсіз; сонымен бірге, балаларға 
барлық тыңдалған әңгімелердің құндылықтары мен кемшіліктерін есінде 
сақтап қалу қиын; сабақтың соңына қарай олардың шаршағандығын және 
тәрбиешінің нұсқауларын қабылдамауын да ескеру қажет. 
6.4. Қабылдау бойынша айтылым
Қабылдау бойынша айтылым баланың дамуына, соның ішінде 
сенсорлық дамуына үлкен әсер етеді. Сезіну мен қабылдау негізінде ойлау, 
қиялдау секілді күрделі психикалық үдерістер дамиды. Қабылданып жатқан
заттарды дауыстап атаған кезде олар ажыратылады, тез ұғынады, берік еске 
сақталатындығы психологтармен дәлелденген. Бала заттың белгілі бір 
қасиетін атап отыра, оларды айқынырақ бөледі, яғни өзінің сезінуі мен 
қабылдауын жаттықтырады. Балалар өздері білетін, көрген объектілерді 
сипаттауды үйренетіндіктен, педагогтар бұл әңгімелерді тәрбиелеу 
мақсатында пайдалануы қажет. Бала заттың шынайы жақтарын қамтып 
көрсетуі және оның тағайындалуын дұрыс анықтауы қажет; сонымен бірге, 
балаларды заттармен қолдануды үйрету қажет (қасықты қалай ұстау 
керектігін, қуыршаққа мойынорағышты қалай байлау керектігін көрсетуді 
ұсыну).


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   110   111   112   113   114   115   116   117   ...   163




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет