Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрлігі «Кәсіпқор» Холдингі» коммерциялық емес акционерлік қоғамы


Ойыншық туралы әңгімелерді ойдан шығару



Pdf көрінісі
бет125/163
Дата30.11.2022
өлшемі1,63 Mb.
#160467
1   ...   121   122   123   124   125   126   127   128   ...   163
Байланысты:
1 til damytu negizderi

Ойыншық туралы әңгімелерді ойдан шығару
Бұл түрдегі сабақтар үшін бейнелі ойыншықтарды пайдалануға 
болады, сондай
-
ақ сенсорлық, дидактикалық: пирамидалар, матрешкалар, 
жалаушалар, сылдырмақтар және т.б. Алғашқы сабақтар ереже бойынша 
көрнекілік материалдарды пайдалану арқылы жүргізіледі. Педагог 
балаларды жаңа тапсырмамен таныстыра отыра, әңгіме үлгісін, жоспар мен 
басқа тәсілдерді пайдалануы мүмкін. Мысалы, тәрбиеші ойыншықты көрсете 
отыра балаларға осы ойыншық болған бала немесе қыз туралы әңгімені 
ойдан шығаруды ұсынады. Осындай әңгіменің жиі қолданылатын жоспары: 
1) Бұл ойыншық балада қайдан болды? 
2) 
Ол қандай болды
? 3) 
Ол онымен 
не істей бастады

Алғашқы сабақтарда балаларға әңгіме құрастырудың 2
-3 
нұсқасын білдіртпей айта отыра, жоспардың бірінші және
үшінші 
тармақтарын талдаудан бастаған дұрыс (ойыншық сатып алды, сыйлады 

кім, қашан, қандай жағдай бойынша; бала ойыншықпен жалғыз емес, 
жолдасымен ойнай бастады немесе балабақшаға алып келді). 
ҰОҚ
барысында тәрбиеші кезекпен көрсетіп жатқан ең алдымен бір 
ойыншықтар туралы, кейін басқалар туралы әңгімелер тыңдалады. Егер 
балалар аталған нұсқаларды ұстанса және шығармашылық бастама 
танытпаса, тәрбиеші сюжет дамуының тағы 1
-
2 нұсқасын ұсынады 
(ойыншықты тапты 

кім, қайда, қашан). Жаңа байланыс әңгіме мазмұнының 
өзгеруіне әкеледі. Бұл күрделі тапсырма айтушы балаларға жақсы қонады. 
Мектепалды даярлық
тобында жоғарыда келтірілген жоспар келесі 
тармақтармен толықтырылуы мүмкін: ойыншық балада ұзақ болды ма? 
Ойыншық әдемі және бүтін болуы үшін ол не істеді? Бұл сұрақтар 
балаларды тапсырманы орындауға шығармашылықпен қарауға итермелейді.
ҰОҚ екінші жартысында тәрбиеші балалардың алдына 3
-
4 ойыншық қояды 
(сол сабақта пайдаланылған және жаңа) және олардың біреуін таңдап әңгіме 
құрастыруды ұсынады. Әңгіме барысында ойыншықпен кейбір әрекеттер 
көрсету үшін, оларды қолға алуға рұқсат берген дұрыс. Егер балалар 
қайндай да бір қарапайым ойыншық туралы қысқа әңгімелерді оңай айдан 
шығаратын болса, тәрбиеші күрделі ойыншық, сондай
-
ақ екеуін немесе 
жинағын ұсынады (плита және мұздатқыш, жуу жиынтығы, конструктор, 
машиналар тұрған гараж және т.б.). Осындай сабақтармен ең алдымен артта 
қалған балалардың сөйлеуін дамыту үшін, сондай
-
ақ материалды таңдау 
кезінде олардың қызығушылықтарын ескере отыра және олардың 
толығырақ,
жүйелі әңгіме құрастыруына жету үшін қолдану қажет.
Осындай ҰОҚ ұйымдастыру алданы ойластырылуы тиіс: сахналауды 
көрсету үшін үстелдің орналасқан жері, ойыншықтарды сақтау, 
әңгімелеушілінің тұрысы. Сабақтар балаларды қызықтырады, олар 
жолдастарының сахналауын сүйсіне тыңдайды және қарайды. Алғашқы 
әңгіме қысқа болуы және ойыншықпен тек бірнеше әрекет орындаудан 
тұруы қажет. Осы сабақта басқа 2
-
3 ойыншық (марғау, матрешка) туралы 
әңгімелер немесе ертегілер ойдан шығарылады. Алдыңғылардан сипаты 
бойынша ерекшеленетін ойыншықтар пайда болған кезде әңгіме үлгісінің 
жоспарын (матрешка қайда бара жатты, ол жол бойы не істеді) көрсете 
отыра, оны қайта берген жөн. Келесі ҰОҚ
көрнекілік, содан соң үлестірмелік 
материалмен екі ойыншықты, сондай
-
ақ декорация элементтерін (жануарлар, 
шыршалар, үй, қуыршақ; қуыршақ, үстел, плита, ыдыс
-
аяқ) пайдалануға 
болады. Э. П. Короткова бұрамалы және музыкалық ойыншықтармен 
тәріздес сабақтар құрастырды. Үлестірме материалдармен ұқсас сабақтар өте 
пайдалы. Тәрбиеші есеп үшін тағайындалған бірдей кішкентай 
ойыншықтарды балаларға таратуы мүмкін (автокөліктер, үйректер, 
матрешкалар). Балалар алынған ойыншықтарды қарастырып, оларды 
өздерінің үстелдеріне қояды және ұсынылған үлгі немесе жоспар бойынша 
«өзі туралы» сыбырлап әңгіме құрастыруға тырысады. Осындай алдын ала 
жұмыстан кейін, бір бала дауыстап, қалғандары өздерінің ойыншықтарын 
қолдана отыра, оның атап жатқан әрекеттерін бейнелейді (үнсіз). Жұмыс 
үдерісінде балалар бір
-
бірінің әрекеттерін қадағалайды. 
Е.И. Тихеева тағы да бір тәсілді ұсынды 

балалап топшаларымен 
бірлесіп әңгіме құрастыру. Бұл тәсілді жеңілдеу нұсқада қолдануға болады: 
бір үстел басында отырған екі балаға үстелде сахналау үшін ойыншықтар 
жиынтығын ұсынып, қажет ойыншықтарды бірге таңдау, әңгіме құрастыру 
тапсырмасын беріп, содан соң оны балаларға кімнің көрсететіндігін шешу 
қажет. Барлық сахналау сабақтарында баяу қарқын, ойластыру және «өзіне» 
әңгімені сыналы ойнау үшін балаларға уақыт беру маңызды болып 
табылады. Мектеп жасына дейінгі балалардың сабақта алынған біліктірін 
күнделікті өмірде қолдану үшін жағдай жасау өте маңызды, мысалы, 
ойыншықтардың үстел үстіндегі театрын көрсету кезінде. 


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   121   122   123   124   125   126   127   128   ...   163




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет