Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрлігі «Кәсіпқор» Холдингі» коммерциялық емес акционерлік қоғамы


Әңгімені сурет бойынша ойдан шығару



Pdf көрінісі
бет126/163
Дата30.11.2022
өлшемі1,63 Mb.
#160467
1   ...   122   123   124   125   126   127   128   129   ...   163
Байланысты:
1 til damytu negizderi

 


80
Әңгімені сурет бойынша ойдан шығару.
Ересек және мектепалды 
даярлық топтарында балалар сурет бойынша шығармашылық әңнімелер 
құрастыруды үйренеді. Сурет бойынша шығармашылық әңгіме 
бейнеленгеннің алдында болған оқиғадан, суретте тиянақталған уақыттан 
және кейінгі оқиғалардан (немесе аталған үш элементтің тек екеуі) тұрады. 
Суретпен танысу кезінде балалардың қиялын ынталандыратын, олардың 
көріп тұрғанының алдында болып өткен немесе содан кейін болған 
оқиғалары туралы ойлауға мәжбүрлейтін бірнеше сұрақтар қойылады 
(Сендер қалай ойлайсыңдар, бұл балалар қайдан келді? Олар атасы мен 
әжесінің ауылында не істейді? 

Е. Радинаның және Л. Пеньевскаяның 
«Балабақшаларға арналған суреттер» сериясынан «Қуанышты кездесу» 
суретіне).
Тәрбиешінің балаларға тапсырманы түсіндіруі, суретте салынбағанды, 
бірақ аңғаруға болатынды өзінше айтуға ұсынуы маңызды болып табылады. 
Егер топта ойыншықтар бойынша
әңгімелерді ойдан шығарудың жүйелі 
үйретуі жүргізілсе, балалар тапсырманы орындауға дайын болады. 
Сондықтан да, әңгіменің үлгісін қолданбай
-
ақ, оның кейінгі талдауы бар 
жоспарын беруге болады, бұл балалардың бастамашылығын жақсы 
белсендіреді.
Егер балалар монологтық сөйлеуді нашар меңгерсе, тапсырманы 
жеңілдетуге болады: әңгімені бөліктер бойынша ойдан шығарылуын 
жүргізу. Мысалы, «Кішкентай достарын қонаққа күтеді» суреті («Біздің 
кішкентай достарымыз» сериясындағы) бойынша балаларға ең алдымен 
«Қонақтардың келуіне дайындалу» тақырыбына әңгіме құрастыру 
ұсынылады: балалар топтың бөлмесін қалай жинады, кішігірім концертті 
қалай дайындады, қандай сыйлықтар дайындады. Сурет мазмұны осындай 
шығармашылық әңгіменің құрастырылуын жеңілдетеді (терезедегі сауытта
терек бұтағын жайды, боялған плакат, әдемі қойылған жалаушалар және т.б.) 
Педагог осытақырыпта 1
-
2 әңгімені тыңдап, ары қарай ойдан шығаруды 
ұсынады: балаларға қонаққа кім келді, қалай киінген, қонақтар, бұл қашан 
болды («Алғашқы танысу»). Әңгімені соңғы бөлігі аяқтайды 

«Қонақтар 
мерекеде»: балалар алыс Өзбекстаннан келген қонақтарды қалай қабылдады, 
оларды қалай алдандырды. Содан соң тәрбиеші жеке тапсырма беруі мүмкін: 
барлығын бірден айту, яғни жеке бөліктерді тұтасқа біріктіру. Бір суретке 
әңгімені ойдан шығарудан кейін, әсіресе егер оған деген қызығушылық 
жоғалса, біріншінің мазмұнына жақын басқа сурет ұсынуға болады. Егер 
баланың қолында кілттік сюжеттік кездер болатын суреттер сериясы немесе 
ірі фотосуреттер болса, шығармашылық әңгімені ойдан шығару оңай 
(балалар шыршаға әшекейлер дайындап жатыр, Аяз Атадан сыйлықтар алып 
жатыр). Мектепке дайындық тобында ІІІ тоқсанның бір сабағында бірнеше 
суреттерді бірден ұсынуға болады (танымал және жаңа), тапсырманы 
орындау үшін балаға олардың біреуін таңдау құқығын беру қажет. Бұл 
балалардың дербестігін дамытады, сабаққа деген қызығушылығын 
арттырады, оның әрекетін түрлендіреді. 


81


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   122   123   124   125   126   127   128   129   ...   163




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет