6. Мазмұндау
(3-
7 адам). Тәрбиешінің белсенді жетекшілігі.
Соңында
сөйлеуі анығырақ баланы шақыру немесе эмоциялық тәсілдерді қолдану
(сахналау, рөлдер бойынша мазмұндау).
7. Балалардың мазмұнын талдау
талдау
( алғаш рет егжей
-
тегжейлі,
қалғаны жаймен талданады ,ал мектепалды дайындық тобында балалардың
өздері талдауға қатысады).
Мазмұндау үшін шығармалар
Мазмұндауға үйрету жемісті болу үшін, ең алдымен мазмұндау үшін
мәтіндерді дұрыс таңдау қажет. Жоғарыда көрсетілгендей, мектеп жасына
дейінгі балалардың мәтіндеріне белгілі бір талаптар қойылған. Ең алдымен
біз
шығарманың идеялық бағытталуын бағалаймыз, оның тәрбиелік
құндылығын анықтаймыз. Мазмұндау үшін таңдалған әрбір шығарма
пайдалыға үйрету, балалардың бойында біздің қоғамымызға қажетті тұлға
ерекшеліктерін дамыту қажет. Ұлттық ертегілер де балаларда жағымды
қасиеттерді қалыптастырады, мысалы: ықыластық және ақкөңілділік («Мақта
қыз» қазақ ұлттық ертегісі), («Үйшік» орыс ұлттық ертегісі), зеректілік және
батылдық («Аю мен қыз») және т.б. Мазмұндау үшін таңдалған мәтіндер
мазмұны бойынша кішкентай балаларға қолжетімді, мазмұндау кезінде
балалар бұл оқиғаға жеке қарым
-
қатынасын көрсету үшін олардың
тәжірибесіне жақын болуы қажет.
Шығармаларда балаларға таныс кейіпкерлер, анық көрсетілген мінез
-
құлық ерекшеліктері, қатысып жатқан тұлғалар қылықтарының түсінікті
себептері болу қажет. Тәрбиеші ұлттық ертегі мазмұнын ұсынады, ондағы
жануарлар мен өсімдіктердің сөйлейтінің және өлең айтатынын ескере
отырып, бірақ оның өтірік екендігін көрсетуі қажет.
Бұл шығармалар сюжеттік болуы, яғни міндетті түрде әрекеттік,
нақты
композициялы, әрекет дәйектілігі жақсы көрсетілуі қажет. Бұл талапқа Л.Н.
Толстойдың барлық ұлттық ертегілері, әңгімелері («Ата шәй ішуге отырды»,
«Пікірталас», «Көктем келді»), Н. Калининаның әңгімелері жауап береді.
Мазмұндауға арналған шығарма балаларға қолжетімді сөздікпен, үглілік
тілмен жазылуы қажет. Мазмұндауға арналған шығарма баланың зейін және
ес ерекшеліктерін ескере отыра көлемі бойынша қолжетімді болуы қажет.
Әрине, әрбір шығарма тәрбиешімен дербес, шығармашылық ойластырылуы
қажет. Оны балаларға оқымас бұрын, тиісті интонацияларды, қарқынды және
мәнерліліктің басқа құралдарын табу және бекіту үшін бірнеше рет дауыстап
оқып алған жөн.
Тапсырма:
1. Мазмұндау үшін шығарма таңдау (жастық топтардың біреуі үшін).
2. Шығарманы мазмұндау бойынша әңгімелесу үшін сұрақтар
құрастыру.
|