6.7. Балаларды мазмұндауға үйрету
Балалардың жүйелі
монологтық сөйлеуі мазмұндау бойынша
сабақтарда сәтті дамиды. Балабақшада әдеби шығармаларды мазмұндау бұл
үлгі негізінде сөйлеуді дамыту құралы; мәні тыңдалған мәтінді жүйелі
мазмұндау болып табылатын балалардың жұмыс түрі. Бұл айтылыммен
салыстырғанда монологтық сөйлеудің жеңілдірек түрі, себебі ол
шығарманың авторлық композициясын ұстанады, онда дайын авторлық
сюжет пен дайын сөйлеу нысандары мен тәсілдері пайдаланылады. 5 жастан
асқан балаларды ғана мазмұндауға үйрету қажет, себебі бұл кезде балаларда
монологтық сөйлеудің негізі салынады. Бұл жасқа дейін дайындық
жаттығуларын жүргізу қажет.
Екінші кіші топта педагог балаларды ертегідегі, әңгімедегі әрекеттің
дамуын қадағалауға; шығарма кейіпкерлерін атауға және оларға жаны
ашуына үйретеді. Балалардың
мазмұндаумен байланысты сөйлеу әрекеті
бастапқыда сұрақтарға жауап нысанында болады, сондай
-
ақ жеке сөздерді
немесе сөйлемдерді айтуына түрткі бола балаларды педагогпен бірлескен
мазмұндауына тартуға болады (тәрбиешінің ертегіні қаталап айту кезінде).
Бұл
жұмыс көркем әдебиетпен танысу сабақтарында жүргізіледі.
Орта топтан бастап мазмұндау бойынша арнайы ұйымдастырылған
сабақтар жүргізіледі. Мазмұндау сөйлеу әрекетінің жаңа түрі болып
табылады. Сондықтан да балалардың мазмұндауға жанды қызығушылығын
тудыру, белсенділік пен дербестіліктің пайда болуын қолдау маңызды болып
табылады.
Балалардың
әдеби
-
көркем
шығармаларын
қабылдау
ерекшеліктерін, сондай
-
ақ ойлау, сөйлеу, зейіннің даму деңгейі үдерістерінің
ерекшеліктерін ескеру қажет. Ең бірінші сабақтарда балаларға бұрыннан бері
жақсы таныс ертегілерді, ал кейінгілерде
–
жаңа тыңдалған мәтіндерді
мазмұндау ұсынылады. Әдеби шығарманы қабылдау және оны мазмұндауда
4-
5 жастағы балалар педагогтың көмегін қажет етеді. Олар үшін сипатталған
оқиғаның мәнін түсіну, әңгіменің немесе ертегінің бөліктері арасындағы
логикалық байланысты аңғару қиын. Сондықтан да балалардың
мазмұндауында материалды қалдырып кету, бұрмалау, ауыстыру туындауы
мүмкін, сол кезде мазмұндау түпнұсқаның мазмұны мен құрылымына сәйкес
келмейді. Бала
әлі де бейнелі сипаттауды, салыстыруды дербес ажырата
алмайды және оларды қалдырып кетеді.
5-
6 жастағы балалар әдеби шығармаларды мазмұндаған кезде мектеп
жасына дейінгі кішкентай балаларға қарағанда үлкен белсенділік пен
дербестік көрсетуе қабілетті. Бұл жастар көркем шығармаларды қабылдау
және эмоциялық меңгеру үдерістері жетілдіріледі. Мектеп жасына дейінгі
ересек
балалар әдеби материалда еркінірек бағдарланады, олардың сөздігі
кеңейеді, бейнелік сөзге деген тілдік сезімі, зейіні, қызығушылығы күшейеді.
Сондай
-
ақ ерік
-
жігерлі әрекеттердің рөлі жоғарылайды
–
балалар оқығанды
жақсырақ есте сақтау және нақтырау айту үшін күш жұмсайды. Балалар
меншіктік, сәтті табылған көркем шығарма тіліне лексикалық және
синтаксистік жақын бейнелік пікірлерін қолдана алады. Ересек
топқа
мазмұндау үшін ұсынылған ертегілер мен әңгімелер орта топтың мәтіндеріне
қарағанда өзінің құрылымымен, тілдік материалымен және қатысып жатқан
тұлғалар санымен біраз күрделірек. Мектепалды даярлық
тобында мазмұндау
бойынша ҰОҚ
сөйлеу біліктері мен дағдылары бекітіледі және жетілдіріледі.
Мектеп жасына дейінгі балалар өз ойын жүйелі, дәйекті, толық, бұрмалаусыз,
қалдырусыз, қайталаусыз айтуға үйренуді жалғастырады. Балалардың
қатысып жатқан тұлғалардың диалогын эмоциялы, әртүрлі интонациямен
жеткізу, мазмұндауда мәндік екпіндерді, кідірістерді, ертегілерге тән (басы,
қайталаулар және т.б.) белгілі бір көркем құралдарды қолдану біліктері
жетілдіріледі. Балалар асықпай, жеткілікті дауыспен, күшсіз айтуды
үйренеді. Балалардың дербестігі жоғарылайды..
Мазмұндау үшін бірнеше жанрларды пайдаланған дұрыс: әңгіме және
сипаттама, ұлттық және авторлық ертегілер. Әртүрлі ертегілер таңдауға
болады: қысқа («Түлкі мен құмыра») және созылған («Аққу
-
қаздар»)
–
әрқайсысының өзінің тәрбиелік әсер ету ерекшеліктері мен мүмкіндіктері
бар.
Мектеп жасына дейінгі балалар әдеби шығармаларды жақсы
мазмұндайды, егер әңгіме оларды еліктірсе, қатты қобалжу тудырса, сондай
-
ақ мазмұнның олардың тікелей тәжірибесіне қатысы болмаса да жақын бола
бастайды. Осылайша, мазмұндау үшін балалардың қиялын белсендіретін
және сезіміне әсер ететін әдетті жағдайлармен байланысты мәтіндер таңдаған
дұрыс. Сонымен бірге, қиял жұмысы мектеп жасына дейінгі балалардың бар
көріністері мен қарапайым түсініктеріне сүйенуі қажет. Балаларға әңгімені
түсіну оңай, егер оның бөліктері арасында логикалық байланыс байқалса, бір
бөлігі екіншісіне әкеледі және оны түсіндіреді, ал артық толықтырулар
шығармадағы негізгіні түсінуге кедергі болмайды.
Біз оқитын және балаларға мазмұндау үшін ұсынылатын
шығармалардың тілі олар үшін үлгі болу қажет. Бұл мағынада Л.Н.
Толстойдың, К.Д. Ушинскийдің шығармалары өте жақсы. Л.Н. Толстойдың
әңгімелерінің тілі біртіндеп күрделенетіндіктен мазмұндау үшін ерекше
үйлесімді болып табылады: «Сүйек», «Арыстан және ит» және т.б.
шығармаларға қарағанда кішкентайлар үшін әңгімелер мәтіні өте қарапайым,
сөйлемдері қысқа. Сондай
-
ақ, В. Осееваның, В. Бианканың, М. Пришвиннің
шығармаларын да пайдалануға болады. Егер мазмұндау үшін ұсынылған
мәтінде жаңа сөздер кездессе, балалар ең алдымен оларды таныс, үйренген
сөздерімен ауыстыруға тырысады. Салдарынан, бақылау көрсеткендей, олар
жаңа сөзді мазмұндауда қолдануға тырысады және онымен мақтанады.
Мазмұндау үшін таңдалатын шығарманың грамматикалық құрылымына
назар аударған маңызды. Мектеп жасына дейінгі балаларға күрделі және
84
созылмалы сөйлемдерді, есімшелік орам мен көсемшелі тіркестерді,
қыстырма сөйлемдерді, күрделі метафораларды түсіну қиын. Осылайша,
мазмұндау үшін прозадағы
әңгімелер жарайды, олар мектеп жасына дейінгі
балаларға мазмұны, тілі және грамматикалық құрылымы бойынша
қолжетімді.
Осылайша, мазмұндауға үйрету бойынша жұмыс жүйелі түрде
жүргізілуі тиіс (сабақтың бөлігі ретінде шамамен айына 1
-
2 рет). Қысқа
ертегілер мен әңгімелерден бастаған жөн, себебі бала оларды сеніммен
мазмұндайды. Балалардан шығарманы оны оқығаннан кейін бірден
мазмұндауын талап етпеу қажет. Мектеп жасына дейінгі балаларды әрекеттің
бұл түріне дайындау қажет.
Мазмұндау бойынша ҰОҚ
келесідей типтік құрылымға ие:
Достарыңызбен бөлісу: |