Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрлігі «Кәсіпқор» Холдингі» коммерциялық емес акционерлік қоғамы



Pdf көрінісі
бет140/163
Дата30.11.2022
өлшемі1,63 Mb.
#160467
1   ...   136   137   138   139   140   141   142   143   ...   163
Байланысты:
1 til damytu negizderi

 
Өлеңдерді жаттап алу әдістемесі. 
Тәрбиеші балалармен бірге 
өлеңдерді жаттау кезінде алдына бірден бірнеше міндет қояды: өлеңге деген 
қызығушылығын және оны білу ниетін тудыру, мазмұнды тұтастай немесе 
жеке күрделі орындар мен сөздерді түсінуге көмектесу, еске
сақтауды 
қамтамасыз ету, үйрету, тыңдаушылар алдында мәнерлеп оқу, поэзияға 
махаббаты тәрбиелеу. Бұл міндеттер сабақтың құрылымын және балалардың 
мәтінді жақсы меңгеруі мен жаттап алуы үшін қажет негізгі тәсілдерді 
таңдауын анықтайды.
Өлеңдерді жаттау сабақтарының құрылымының балалар тыңдалған 
мәтінді мәнерлі жеткізуге үйренетін мазмұндау сабағының құрылымымен 
ортақ сипаттары бар. Басында балаларды өлеңді жаттап алуға дайындаған 
жөн: қысқаша уақыттық кіріспе әңгімелесуді жүргізу. Тәрбиеші балалардың 
бейнелі, эмоциялық есіне жүгінеді, үндес бейнені еске түсіруге көмектеседі 
(көңілді мереке суреттері, алтын күз). Өлең тақырыбына жақын затты, 
ойыншықты, суретті көрсетуге болады. Кейін педагог өлеңді мәнерлеп оқиды 
және оны қайталайды. Жоғары топтарда балалардың қайталап оқуының 
алдында, өлеңді жаттап алу қажеттігін ескертеді (бұндай нұсқау есте сақтау 
сапасын жоғарылатады) және өлең туралы, оны оқу нысаны туралы кішігірім 
түсіндіру әңгімесін жүргізеді. Әңгімеден кейін тәрбиеші тағы да оқиды. Бұл 
шығарманы, орындау ерекшелігін тұтастай қабылдауға мүмкіндік береді. 
Содан соң өлеңді балалар оқиды. Өлең толығымен жатталады (жолдарымен 
немесе шумақтарымен емес), бұл оқудың түсінілуін және естің дұрыс 
жаттығуын қамтамасыз етеді. Балалар өлеңді хормен емес, жеке қайталайды; 
тек осылай ғана баланың мәнерлілік құралдарын таңдауындағы дербестігі 
және соңғының табиғилығы сақталады. Сабақтың басында мәтіннің бірнеше 
рет тыңдалуын қамтамасыз ете отыра, тез есте сақтайтын балаларға қайталау 
тапсырылады. Тәрбиеші оқу барысында мәтінді білдіртпей айтады, 
балалардың жолдарын орнынан түгел айтуына мүмкіндік береді, оқу сипаты 
бойынша өзінің нұсқаулары мен түсіндірмелерін қайталайды.
Сабақты біршама жарқын орындаумен аяқтаған жөн: мәнерлеп оқитын 
баланы шақыру, балалардың сүйікті ойыншығын кіргізу, сол бойынша ниет 
білдірушілер жаңа өлеңді оқып беруі мүмкін, және т.б. Әдетте жаттап алу 
сабаққа берілген бүкіл уақытты алмайды. Қалған уақытты тематикалық 
бірлік принципін ескере отыра басқа әрекетке бөледі: балалар бұрын 
жаттаған өлеңдерін қайталайды, тағы да қандай да бір үйреншікті 
шығарманы тыңдайды, оларға таныс жаттығу жүргізуге немесе сөйлеу 
техникасы бойынша ойын ұйымдастыруға болады. Сабақта жатталған өлеңді 
бөліп, тұлғалар атынан, «Кім оқып жатыр, ойлап тапшы?» ойынына қосу 
арқылы оқуға болады; содан соң оны лайықты жағдайларда қайталайды 
(басқа сабақтарда, мерекелерде, тұрмыста, ойында). Нәтижесінде өлең 
баланың есінде ұзаққа сақталады, оңай айтылады және ауызекі тілде 
қолданылады.
XXI 
ғасыр, ақпарат алудың көптеген баламалы тәсілдері бар (интернет, 
телевизия, гаджеттер), ал кітаптар маңыздылығын жоғалтқан жоғары 
технологиялар ғасыры. Балалардың көркем әдебиетті оқу қызығушылығы 
жоқ. Сондықтан да, мектеп
жасына дейінгі жастан балалардың білімнің 
негізгі қайнаркөзі болатын кітаптарға деген махаббатын тәрбиелеу қажет.
Мектеп жасына дейінгі баланың кітаппен қарым
-
қатынасы үдерісінде 
өнегелік және жеке қасиеттері дамиды, оның ішікі әлемі байытылады.
Тәрбиелік
-
білім беру үдерісі жағдайында балалармен жүргізілген зерттеу 
жұмыстары олардың кітап, өнер туындылары, танымдық ақпарат қайнар
көзі 
туралы білімдерін кеңейтеді және балалар жазушыларынығ шығармаларын 
оқуға қызығушылығын арттырады. Мысалы:


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   136   137   138   139   140   141   142   143   ...   163




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет