ГЛОССАРИЙ Айтылым –
қандай да бір фактілерді, оқиғаларды жүйелі, дәйекті,
ашып мазмұндау.
Айтылымға үйрету –
нәтижесі баланың дербес құрастырылған және
айтылған мәтіні болып табылатын дәйекті, жүйелі үдерісі.
Артикуляция –
айрықша акустикалық әсер, дыбыстарды шығару
кезіндегі белсенді сөйлеу мүшелерінің қозғалысы.
Әңгімелесу – педагогтың балалармен қызықты және жақын тақырыбына
алдын ала дайындалған, дамушы, мақсатты, жүйелі сөздік әдісі
.
Бақылау –
мектеп жасына дейінгі балалардың сөйлеуін дамытудың
ғылыми зерттеу әдісі.
Балалар сөйлеуінің мәнерлілігі –
айқын, тікелей, жанды сөйлеуі,
тілдік бейненің әртүрлі құралдарын қолдану білігі.
Бейнелік сөйлеу –
айқын, эмоциялық, мйнерлі, көрнекілік, суреттік
сөйлеу (мысалы, «ақ ұлпа қар жауып жатыр» және т.б.).
Белсенді сөздік (белсенді лексикон)
–
қандай да бір жеке тұлға
меңгерген және сөйлеуді өндіру кезінде онымен қолданылатын лексикалық
бірліктер қоры (пассивті сөздікті қарай).
Вербалды қарым - қатынас құралы –
жазбаша немесе ауызекі сөйлеу
түріндегі сөздік коммуникация.
Диалог –
екі әңгімелесушінің ілікпе сөзі ретіндегі сөйлеу нысаны.
Дикция –
сөйлеу аппаратының мүшелерімен әрекеттесуін
қамтамасыз ететін дыбыстарды, буындарды, сөздерді айту мәнері.
Драмаландыру –
фольклорлық және авторлық көркем шығармалар
немесе олардың суырып салма үзінділері бойынша сахналандырылған
көрініс (немесе ойын).