Жұмыстың әртүрлі нысандарын сабақтан тыс жоспарлау.
Барлық
топтарда сабақтан тыс сөйлеуді дамыту жұмыстары әртүрлі балалар санын
қамтуы мүмкін. Бір уақытта барлық топты қамтитын фронталдық нысандар
бар: серуендеуде бақылау, қимылдық ойын немесе хормен жүру, ойын
-
сауықты немесе балалардың шығармашылығын
қарау. Жұмыстың кейбір
түрлерін балалар еркімен бірігетін, бірақ әртүрлі балаларды әртүрлі күндері
біртіндеп қамтылуына жету қажет топшалармен жүргізген абзал. Осылайша,
бір балаларға жаңа үстелдегі ойынды көрсетуге және түсіндіруге, ал
басқаларын кітаптарды қалпына келтіруге және т.б. тартуға болады. Жеке
жұмысты да қарастыруға болады: баяу есте сақтайтын баламен өлеңді
қайталау, үндемейтін баланы сөйлеуге тарту және т.б. Осындай жұмыстың
ерекше сипаты мен шектелген көлемін ұмытпаған жөн. «Артта қалып
жатқандарды», яғни барлық топпен материалды меңгермегендерді үйрету
бойынша қосымша сабақтарды жоспарлауға жол берілмейді, жеке жұмыс
сабақтарда ескерілуі қажет».
Қандай да бір жұмысты жоспарлау кезінде апта күндері мен күн
уақыты жергілікті жағдайларға байланысты өзгертілуі мүмкін. Әрине,
жоспардағы сөйлеу жұмысынан
басқа, бағдарламаның қалған тараулары
бойынша жұмыс та өз орнын табады.
Тапсырмалар:
1. Жастық топтардың біреуінде балалардың сөйлеуін дамыту
жұмысының болашақ жоспарына бір айға талдау жасау.
2. Жастық топтардың біреуі үшін балалардың сөйлеуін дамыту
жұмысының болашақ тақырыптық жоспарын екі аптаға құрастыру.
3. Жоғары топ үшін өмір және балалар тәрбиесінің циклограммасын
аптаға құрастыру.
4. Балалардың сөйлесуі мен белсенді түсінуіне итермелейтін сұрақтар
тізімінің негізінде балалармен хикаятты, әңгімелерді, ертегілерді талқылауға
мүмкін болатын сабақтардың конспектілерін құрастырыңдар.
ПЕДАГОГ ӨТПЕЛІ ТАҚЫРЫПТАРДЫ ТАҢДАУ КЕЗІНДЕ ЕСКЕРУ
Достарыңызбен бөлісу: |