Сөздік естуді дамыту
–
оның төрт құраушысының дамуы: дыбыс
жоғарлылық және фонематикалық есту, есту зейіні, сөйлеудің қарқыны мен
ырғағын қабылдау.
Сөздік жұмыс
–
сөздердің лексикалық мағынасын түсіндіру
бойынша тәрбиешінің мақсатты әрекеті.
Сөйлеу әрекеті
–
сөйлеуді өндірудің және пайдаланудың, ойын
сөзбен рәсімдеудің, мәтінді айтып берудің, өзгенің пікірін тыңдау кезінде
ақпарат алудың белсенді, мақсатты, ұйымдасқан үдерісі.
Сөздік тыныс алу
–
сөйлеу үдерісіндегі тыныс алу мүшелерінің
еркін, басқарылатын, бақыланатын жұмысы.
Сөйлеу
–
тіл жүйесінің дыбыстық немесе жазбаша іске асырылуы,
нақты сөйлеу, тілді іске асыру нысаны.
Сөйлеу белсенділігі
–
сөйлеу мүшелерін белсенді жаттықтыру.
Артикуляциялық және интонациялық дұрыс, мәнерлі, дикциялық нақты
және айқын сөйлеуді білдіреді.
Сөйлеудің
грамматикалық
құрылымын
қалпытастыру
міндеттері
–
балалардың тілдің негізгі грамматикалық нормаларын
меңгеру және тілдік сезімді жетілдіру жұмысы, тілдің грамматикалық
құралдарын практикада қолдана білу; морфологияның күрделі
жағдайларында жаттығу жасау жолымен балалардың сөйлеуіндегі
грамматикалық қателерді болдырмау (сөздерді сөз тіркестерінде және сөз
тіркестерінде тегі, саны бойынша талдау білігі).
Сөйлеуді дамыту құралы
–
әртүрлі әрекет түрлерінде мектеп
жасына дейінгі
балалардың сөйлеуін дамыту үдерісін ұйымдастырудың
жағдайлар, әдістер мен тәсілдер жиынтығы.
Сөйлеуді дамыту міндеттері
–
балалардың сөйлеуін дамыту
бойынша педагог жұмысының көлемі, мектеп жасына дейінгі балалардың
жастық ерекшеліктерін және тілді меңгеру заңдылықтарын ескере отыра
қалыптастыруға қажет білімдер мен біліктер.
Достарыңызбен бөлісу: |