Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрлігі «Кәсіпқор» Холдингі» коммерциялық емес акционерлік қоғамы


 Тәрбиешінің сөйлеуі балалардың сөйлеуін дамытудың құралы



Pdf көрінісі
бет30/163
Дата30.11.2022
өлшемі1,63 Mb.
#160467
1   ...   26   27   28   29   30   31   32   33   ...   163
Байланысты:
1 til damytu negizderi

2.4. Тәрбиешінің сөйлеуі балалардың сөйлеуін дамытудың құралы
ретінде 
Балалардың көз алдында әрдайым болатын, олармен қарым
-
қатынас
жасайтын тәрбиешілердің сөйлеуі балалар үшін ана тілдің, мәдени сөйлеудің
үлгісін беретін негізгі қайнар көзі болып табылады, сондықтан ол тек қана
ана тілінің барлық дыбыстарын дұрыс, ашық және нақты айтылуымен
шектелмеуі тиіс, сондай
-
ақ белгілі бір қарқында, қаттылығында айтылғаны,
интонациялық мәнерлі, грамматикалық дұрыс рәсімделген, байланысқан,
түсіну үшін қолжетімді, сөздік белгілердің дұрыс және нақты қолдануымен
сүйемелденгені жөн. Тәрбиеші мәнерлілік құралдарын қолдана отыра,
оқыған
әңгімесі
балалардың
қызығушылығын
тудырады, бірге
мазасыздануға, сөз күшін сезінуге, мазмұнын ұзақ уақытқа есте сақтауға
мәжбүрлейді; салқын, тез қарқынмен, эмоциясыз оқылған сол әңгіме көркем 
шығармаға немқұрайлылық пен зерігуді тудыруы мүмкін.
Педагог өзінің сөйлеуін әрқашан сынап отыруы және кемшіліктер 
байқаған кезде оларды жоюға талпынуы қажет. Алайда өз сөзінің 
кемшіліктерін белгілеу және анықтау ешқашан оңай болған емес, себебі 
қарым
-
қатынас жасау үдерісінде айтушының назары ең алдымен сөйлеу 
нысанына (қалай айту) емес, керісінше оның мазмұнына (не айту) 
қарастырылады. Сонымен қатар, ұзақ уақыт бойы өзінің сөзіне бейберекет 
қарау кейбір жетіспеушіліктердің нық бекітіліп, болашақта байқалмауына 
әкеледі. Мысалы, сөйлеудің асығыстығы, түсініксіздігі, бір сарындылығы, 
дауыстың қаттылығы, жеке сөздер мен дыбыстардың дұрыс айтылмауы, 
басқа да кемшіліктер байқалмайды. Педагог айтылудың әдеби нормаларын 
ұстануы, тілінен түрлі акценттерді, жергілікті сөйлеу мәнерінің әсерін жоюы, 
сөздерге дұрыс екпін қоюы қажет. Сөйлеген кезде сезімдердің, ойлардың аса 
нәзік реңктерін білдіруге болады. Бұған тиісті сөздердің көмегімен, сондай
-
ақ мәнерліліктің интонациялық құралдарын дұрыс қолданудың арқасында 
қол жеткізуге болады: дауыс күші, қарқын, логикалық екпін, тоқтау, ырғақ, 
тембр, әуен.
Тәрбиешінің сөйлеуі интонацияларға бай эмоциялық қаныққан, 
жеткілікті дауысты және асықпаушылықты болуы қажет. Балалармен қарым
-
қатынас жасауда сөйлеудің асығушылығына және дыбыстарды дұрыс
айтуға 
жол берілмейді. Сөйлеу қарқыны сәл бәсеңделгенде жақсырақ қабылданады. 
Бұл қарқын сөйлеудің анықтылығын жоғарылатады, және керісінше 
шапшаңдатылған қарқын оны қабылдау үшін анық емес, көмескі, қиын 
болып табылады. Көркем сөз шеберлері балаларға ертегілерді, әңгімелерді, 
өлеңдерді ауызекі сөйлеуге тән қарқынға қарағанда ереже бойынша сәл 
бәсеңделген қарқында оқиды. Балалар бәсеңдетілген сөзді оңай қабылдайды, 
оның мазұнын оңай бақылайды, мәтінді есте сақтайды.
Тәрбиеші
балалармен жұмыс жасаған кезде төмендегілерге назар 
аударғаны жөн: 
1.
А
на тілдің барлық дыбыстарын дұрыс айту, тілдің бар кемшіліктерін
жою.
2. Ашық, нақты және айқын тілге, жақсы дикцияға ие болу.
3. Өзінің сөзінде әдеби айтылымдарды қолдану, орфоэпиялық
нормаларды ұстану. 
4. Айтылған сөздің мағынасын ескере отыра мәнерліліктің
интонациялық құралдарын дұрыс қолдануға талпыну.
5. Балалармен қарым
-
қатынас жасау кезінде сәл бәсеңдетілген
қарқынды, біркелкі дауысты сөйлеу.
6. Сөздер мен грамматикалық құрылыстарды (балалардың жасына
сәйкес) дәл қолдана отыра, мәтіннің мазмұнын жүйелі және қолжетімді түрде 
айту және жеткізу. 
7. Балалармен және қызметкерлермен әңгімелесу кезінде жоғары
дауысты, дөрекі сөздерді болдырмау.


22
Ең алдымен, тәрбиеші 
с, з, ц, ш, щ, л, р
дыбыстарының дұрыс 
айтылуына назар аударуы қажет, себебі олар жиі дұрыстап айтылмайды. 
Артикуляцияны нақтылау, дыбыстарды, сондай
-
ақ дауыс қойылымын 
дұрыстап айту үшін арнайы әдебиетті пайдалану ұсынылады (логопедтік 
немесе сөйлеу техникасы бойынша). Сөйлеу кемістіктерінен арылу қиын 
болған жағдайда сөйлеуді түзету бойынша логопед маманының көмегіне 
жүгіну қажет. Жақсы дикцияға қол жеткізу үшін күнделікті дауыстап оқу 
жаттығулары ұсынылады (10
-
12 минут). Дауыссыз дыбыстар айқын, 
созылмалы, ал дауысты дыбыстар толық, айқын дыбысталатындай етіп баяу, 
жеткілікті қатты дауыстап оқыған жөн. Оқу кезінде мүше бұлшықеттерінің 
(тіл, ерін) жұмысын сезіну керек; дыбыстардың артикуляциясы айқын, бірақ 
табиғи болуы керек. Оқу үшін қандай да бір мәтінді алуға болады. 
Жаңылтпаштарды және дауыссыздардың көптігінен, ұқсас немесе дыбыстық 
құрамы бойынша жақын сөздерді оқып жаттығу пайдалы.


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   26   27   28   29   30   31   32   33   ...   163




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет