Сөйлеудің дыбыстық мәдениетіне тәрбиелеу.
Ең алдымен, бала
тілдің дыбыстық қатарын, дыбыстың дұрыс шығарылуын меңгеруі қажет.
Сөйлеудің дыбыстық жағымен жұмыс жасау орыс тілінің фонетикасы мен
орфоэписына негізделеді. Бала еліктей және үйрене отыра, сөздердегі екпін
жүйесін, ана тілінің интонациялық қатарын, сөздердің айтылуын мақсатты
меңгереді (ересек адамдардың әсерімен). Баланы тіл қарым
-
қатынас
үдерісінде мінез
-
құлық мәдениетіне үйрету, тілдің дұрыс мәнерін тұрақты
әдетке айналдыру (жылы шырайлы дауыс, әңгімелесушіге аударылған назары
мен көз тастау кейпі, өзін жаңа қоғамда ұстай білуі және т.б.) маңызды болып
табылады.
Дыбысталған сөздің маңызды қасиеті
–
оның мәнерлілігі. Н.К.Крупская
баланың бойында осы қасиетті тәрбиелеу, әркімге аудитория алдында оратор
болып сөйлеуге тура келетін болашақ ересек өмірдегі оның мағынасы туралы
айтқан. Ол балалардың табиғи мәнерлілігін тоқтатпай және арылтпай,
керісінше дамыту қажеттігін атап өткен, сол кезде
«сөйлеуі пікірлерге толы,
көзі жанған, жүзі мен қылығында ойы мен сезімі бейнеленген ораторды жиі
кездестіруге болады.....».
Мектеп жасына дейінгі кезең
–
осындай сөйлеу әдеттері мен
қабілеттерін тәрбиелеу үшін берекелі кезең.
Әңгімелесу (диалогтық) тілін қалыптастыру.
Балалардың оларға
қаратылған сөзін тыңдау және түсіну, әңгімені жалғастыру, сұрақтарға жауап
беру және сұрау білігі. Жүйелі ауызша сөйлеу тілінің деңгейі баланың сөздік
байлығына және тілдің грамматикалық қатарын қаншалықты меңгергеніне
байланысты болады. Ауызша сөйлеу тілі әңгімелесушімен сөйлеу ретінде
әңгімелесу кезінде өзін мәдени ұстауды, ұстамды және әдепті болуды
білдіреді. Тәрбиеші балалар әңгімесінің мазмұнына әсер етеді, бір
-
бірінен
жаңашылдықты білу ниетін көтермелейді. Тәрбиеші ересек адамнан олардың
еңбегі, демалысы және т.б. туралы сұрастырған жағдайда көптеген қызықтар
білуге болатындығын балаларға білдіртпей айтуы қажет [16].
Достарыңызбен бөлісу: |