Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрлігі «Кәсіпқор» Холдингі» коммерциялық емес акционерлік қоғамы


Сөйлеуді дамыту сабақтарына қойылатын талаптар



Pdf көрінісі
бет38/163
Дата30.11.2022
өлшемі1,63 Mb.
#160467
1   ...   34   35   36   37   38   39   40   41   ...   163
Байланысты:
1 til damytu negizderi

 
Сөйлеуді дамыту сабақтарына қойылатын талаптар: 
1. Балалардың бойында белсенді танымдық ұстанымының қалыптасуын 
қамтамасыз ететін дамытушы, үйретуші және тәрбиелеуші міндеттердің 
өзара байланыстылығы. Қандай да бір жаңа білімнің меңгерілуі алдын ала 
болған жұмыстың логикасымен дайындалуы тиіс. ҰОҚ
дамытушы әсері жеке 
дамытушы тапсырмалардың қосылуымен ғана жетілмей, жұмыстың барынша 
толық жүруімен жетіледі. ҰОҚ
дамытушы сипатқа ие болатындығы немесе 
болмайтындығы ұсынылатын материалдың мазмұнына, балалардың дайын 
білімді сорып алуына, үлгі бойынша әрекет етуіне немесе осы білімді 
меңгеру үшін күш жұмсауына, кейін оны саналы түрде қолдануына 
байланысты. 
Егер ҰОҚ
балаларға тек білімдер мен біліктер жай ғана беріліп қоймай, 
сондай
-
ақ олардың танымға қызығушылығы қалыптасса, осы процеске жеке 
қарым
-
қатынас негіздері қаланса, бұндай сабақ бір уақытта оқытушы, 
дамытушы және тәрбиелеуші сипатқа ие болады.
2. ҰОҚ
де құрмет көрсету, өзара түсіну, ортақ мүдделілік (педагог пен 
балалар), 
ұжымдық 
ізденіс, 
«танымдық 
жеңістерден» 
өзара 
қанағаттанушылық (Ш.А. Амонашвали), серіктестік атмосфералары орнауы 
қажет.


27
тереңдету бойынша сабақтар кең таралған, мысалы, балалардың ательеге 
баруы туралы баяндауы, мата қиқымын қарау, балабақшаның бөлмелері 
туралы әңгімелесу, үйрету бойынша қайталама сабақтар, жаттау және т.б. 
Тәрбиеші бұндай сабақтарда жаңа, қосымша мәліметтер беретіндігі сөзсіз, 
алайда негізінен балалардың күшін бар білім қорын дербес қолдануға, сөйлеу 
дағдыларын нығайтуға бағыттайды. Бұл жеке фактілерді, жиынтықтарды, 
дағдыларды бекіту болуы мүмкін. Тәрбиеші сөзбе
-
сөз, туындатқыш бекітуді 
(таныс мәтінді мазмұндау, жаттап алған өлеңдерді жатқа айту), даярлық 
қайталама жаттығуды (дыбыс шығару, бір грамматикалық нысанды қолдану) 
және шығармашылық жаттығуды (таныс мәтінді қолдану арқылы ойынды 
драмаландыру, бақылау материалдары бойынша әңгімелесу) қолдана алады. 
Оң нәтижеге қол жеткізу үшін жаңашылдық элементтерін, материалды 
қайталау процесіне шығармашылық белсенділікті енгізу маңызды. 
ҰОҚ
бұл түріне өткен материалды жалпылайтын және жүйелендіретін 
сабақтар жақын. Мысалы, «Кімге не керек?», «Дүкен» және т.б. түріндегі 
дидактикалық ойын процесінде балалар заттарды түстер бойынша, нысандар 
бойынша, тағайындалуы бойынша және т.б. жіктеуге жаттығады. Ересек 
топтарда жалпылама әңгімелер өткізіледі: туған қала туралы, еңбек туралы, 
көлік туралы, кітаптар туралы. Балалардың алдына материалды мақсатты 
орындау міндеті қойылады (жолаушылар көлігі, жүргізуші еңбегі туралы, 
ұнайтын ертегілері туралы айту). Жалпылама түрдегі сабақтар мектеп 
жасына дейінгі балалардың бойында логикалық ойлаудың, синтетикалық 
талдау әрекетінің қалыптасуы үшін өте құнды болып табылады. 
Балабақшаларда дидактикалық мақсаттар жинақталған сабақтар кең 
таралған, мысалы, балалардың жаңа материалдармен танысуы, өткенді 
қайталау мен бекіту және оны практикалық қолдану.


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   34   35   36   37   38   39   40   41   ...   163




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет