Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрлігі «Кәсіпқор» Холдингі» коммерциялық емес акционерлік қоғамы


Сөйлеуді дамыту сабақтарына қойылатын талаптар



Pdf көрінісі
бет39/163
Дата30.11.2022
өлшемі1,63 Mb.
#160467
1   ...   35   36   37   38   39   40   41   42   ...   163
Байланысты:
1 til damytu negizderi

 
Сөйлеуді дамыту сабақтарына қойылатын талаптар: 
1. Балалардың бойында белсенді танымдық ұстанымының қалыптасуын 
қамтамасыз ететін дамытушы, үйретуші және тәрбиелеуші міндеттердің 
өзара байланыстылығы. Қандай да бір жаңа білімнің меңгерілуі алдын ала 
болған жұмыстың логикасымен дайындалуы тиіс. ҰОҚ
дамытушы әсері жеке 
дамытушы тапсырмалардың қосылуымен ғана жетілмей, жұмыстың барынша 
толық жүруімен жетіледі. ҰОҚ
дамытушы сипатқа ие болатындығы немесе 
болмайтындығы ұсынылатын материалдың мазмұнына, балалардың дайын 
білімді сорып алуына, үлгі бойынша әрекет етуіне немесе осы білімді 
меңгеру үшін күш жұмсауына, кейін оны саналы түрде қолдануына 
байланысты. 
Егер ҰОҚ
балаларға тек білімдер мен біліктер жай ғана беріліп қоймай, 
сондай
-
ақ олардың танымға қызығушылығы қалыптасса, осы процеске жеке 
қарым
-
қатынас негіздері қаланса, бұндай сабақ бір уақытта оқытушы, 
дамытушы және тәрбиелеуші сипатқа ие болады.
2. ҰОҚ
де құрмет көрсету, өзара түсіну, ортақ мүдделілік (педагог пен 
балалар), 
ұжымдық 
ізденіс, 
«танымдық 
жеңістерден» 
өзара 
қанағаттанушылық (Ш.А. Амонашвали), серіктестік атмосфералары орнауы 
қажет.
М.С. Соловейчик айтқандай, серіктестік 

мәдениетті меңгерудің
меншіктеудің жалғыз тәсілі. Алайда, мәдениет көп деңгейлі, әркелкі. 
Серіктестік те әркелкі болып келеді, баланың жаңа ұрпаққа берілетін 
меңгерілуі тиіс мәдени мазмұнға және серіктестік нысандарына батуын Л.С. 
Выготский келесідей тұжырымдады: «Жалпыламаның жаңа түрі қарым
-
қатынастың жаңа түрін талап етеді». Ғылыми әдебиетте баланың ересек 
адамдармен серіктестігінің тікелей эмоциялық, пәндік
-
іскерлік, ойын және 
оқу нысандары ажыратылады. Педагог сабақ барысында серіктестіктің 
барлық нысандарына жүгінуі қажет. Тек осы жағдайда ғана баланың дамуы 
жүреді.
3. ҰОҚ
лингвистикалық сауатты болуы тиіс (мазмұны бойынша, 
сұрақтар қойылымы, дидактикалық материалдар таңдауы, балалармен 
жұмыстың ұйымдастырылуы бойынша). Педагог тілдің барлық
құбылыстарының лингвистикалық мәнін түсінуі, оқытылып жатқан 
түсініктерде жақсы бағдарлануы қажет.
4. ҰОҚ
тұтас «педагогикалық шығарма» (М. Н. Скаткин) болуы қажет, 
балалардың оқу әрекетін өрістетудің белгілі бір логикасы болуы тиіс. Ол 
үшін сабақты ойластыра отыра, оның қол жеткізілуі тиіс «түйінін» білу, 
кейін бұл мақсатқа жетудің кезеңдерін белгілеу, әр кезең үшін оқыту 
құралдарының тәсілдерін іздеу қажет. Басқаша сөзбен айтқанда, педагог 
сабаққа дайындалу кезінде келесі сұрақтарға жауап бергені жөн: Балаларды 
белсенді ойлап
-
сөйлеу әрекетіне қатыстыру үшін, олардың алдына оқу 
міндетін қалай қою керек? Балаларға тапсырмалардың қандай түрлерін және 
оларды қандай ретпен ұсыну қажет, олардың мақсаты неде? Қажет 
ақпараттың меңгерілуін қалай қамтамасыз етуге болады (балалар әрекет 
тәсілдерін, қажет белгілерді, сипаттарды өздері «ашуы» үшін сабақты 
ұйымдастыруға болады ма) және оған қалай қол жеткізу қажет? 
Сөйлеудің дамуына тұрмыстық әрекет мүмкіндік туғызады. Оның 
артықшылығы балалар жеңіл қарым
-
қатынасқа түсетін жағдайдың табиғи 
болуында. Тәрбиешіде көптеген балалармен сөйлесу, олармен әңгімелесу 
тақырыбын түрлендіру мүмкіндігі бар. Тұрмыстық әрекет процесінде (киіну, 
гимнастика, серуендеу, тамақтану, ұйқыға дайындалу) балалардың сөздік 
қоры байытылады, диалогтық сөйлеу дағдылары қалыптасады.
Оқу сағаттары
материалы дидактикалық талаптарға жауап беруі қажет:


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   35   36   37   38   39   40   41   42   ...   163




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет