26
тереңдету бойынша сабақтар кең таралған, мысалы,
балалардың ательеге
баруы туралы баяндауы, мата қиқымын қарау, балабақшаның бөлмелері
туралы әңгімелесу, үйрету
бойынша қайталама сабақтар, жаттау және т.б.
Тәрбиеші бұндай сабақтарда жаңа, қосымша мәліметтер беретіндігі сөзсіз,
алайда негізінен балалардың күшін бар білім қорын дербес қолдануға, сөйлеу
дағдыларын нығайтуға бағыттайды. Бұл жеке фактілерді, жиынтықтарды,
дағдыларды бекіту болуы мүмкін. Тәрбиеші сөзбе
-
сөз, туындатқыш бекітуді
(таныс
мәтінді мазмұндау, жаттап алған өлеңдерді жатқа айту), даярлық
қайталама жаттығуды (дыбыс шығару, бір грамматикалық нысанды қолдану)
және шығармашылық жаттығуды (таныс мәтінді қолдану арқылы ойынды
драмаландыру, бақылау материалдары бойынша әңгімелесу) қолдана алады.
Оң нәтижеге қол жеткізу үшін жаңашылдық элементтерін, материалды
қайталау процесіне шығармашылық белсенділікті енгізу маңызды.
ҰОҚ
бұл түріне өткен материалды жалпылайтын және жүйелендіретін
сабақтар жақын. Мысалы, «Кімге не керек?», «Дүкен» және т.б. түріндегі
дидактикалық ойын процесінде балалар заттарды түстер бойынша, нысандар
бойынша, тағайындалуы бойынша және т.б. жіктеуге жаттығады.
Ересек
топтарда жалпылама әңгімелер өткізіледі: туған қала туралы, еңбек туралы,
көлік туралы, кітаптар туралы. Балалардың алдына материалды мақсатты
орындау міндеті қойылады (жолаушылар көлігі, жүргізуші еңбегі туралы,
ұнайтын ертегілері туралы айту). Жалпылама түрдегі сабақтар мектеп
жасына дейінгі балалардың бойында логикалық ойлаудың,
синтетикалық
талдау әрекетінің қалыптасуы үшін өте құнды болып табылады.
Балабақшаларда дидактикалық мақсаттар жинақталған сабақтар кең
таралған, мысалы, балалардың жаңа материалдармен танысуы, өткенді
қайталау мен бекіту және оны практикалық қолдану.
Достарыңызбен бөлісу: