Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрлігі «Кәсіпқор» Холдингі» коммерциялық емес акционерлік қоғамы



Pdf көрінісі
бет37/163
Дата30.11.2022
өлшемі1,63 Mb.
#160467
1   ...   33   34   35   36   37   38   39   40   ...   163
Байланысты:
1 til damytu negizderi

 
Тапсырмалар:
 
1. Ана тілді үйретуде сөйлеу міндетінің қайсысы жетекші болып 
табылады? Өз жауабыңызды түсіндіріңіз.
 
2. Сөйлеудің әрбір жағымен жұмыстың жасаудың басым қатары 
қандай?
 
3. Сөйлеуді дамыту бағдарламасын оқып білу. Балалардың сөйлеуін 
дамытуға қойылатын талаптар сипатталатын бағдарлама бөлімдері мен 
тарауларын анықтау.
2.6. Сөйлеуді дамыту жұмысының нысандары
Қоғамдық тәрбие жағдайында баланың сөйлеуін қалыптастырудың 
жетекші құралы үйрету болып табылады. Ана тіліне үйрету 

балалардың 
танымдық қабілеттерін дамытудың, қоршаған орта және тиісті сөздік туралы 
қарапайым білім жүйелерін меңгертудің, сөйлеу білігі мен дағдыларын 
қалыптастырудың мақсатты, жоспарлы үдерісі [18].
Мектепке дейінгі оқытудың негізгі нысаны 

 
оқу сағаттары. 
Дидактикалық мақсаттар бойынша 
ана тіліндегі ҰОҚ
келесі түрлерін 
ажыратуға болады: жаңа материал беру; білімдер, біліктер мен дағдыларды 
бекіту; білімді жалпылау және жүйелеу; қорытынды немесе есептік тексеру 
(бақылау) бойынша; құрамдастырылған (аралас, біріккен) сабақтар.
Балабақшада сөйлеуді дамыту бойынша «жаңа материал» кейбір 
уақытта біршама болады, себебі балалар сөйлегенде күнделікті қолданатын 
тілдік құбылыстарға тап болады (дыбыстар, интонация, грамматикалық 
нысандар, сөздер). Әйтсе де балаларға жаңашылдықтың ұсынылатындығын 
сеніммен айтуға болады. Бұл таныс фактілерді пайымдау, түсіндіру, жаңа 
түсініктерді есте сақтау, жаңа дағдыларды қалыптастыру. А.П.Усова 
балалардың мінез
-
құлқына және санасына практикамен енгізілетін түсініктер 
баланың көзқарасымен кездейсоқ, шашыраңқы пайымдалса да, оған 
толығымен таныс болатытындығын атап өтті. Оқу сағаттары балаларға нені 
көру, қалай көру, сондай
-
ақ қалай әрекет етуді ашуы қажет. 
Балаларға жаңа материал берілетін ҰОҚ мысалдары ательеге 
экскурсия, тиіннің артынан бақылау, меңгерушінің кабинетін қарау және т.б. 
болып табылады. Балалар әңгімені қалай құрастыру қажеттігін білетін 
айтуды үйрету, жаңа шығармаларды оқу, өлеңді жаттау бойынша алғашқы 
сабақтары осы. Балабақшада алынған білімдер мен біліктерді бекіту және 


26
тереңдету бойынша сабақтар кең таралған, мысалы, балалардың ательеге 
баруы туралы баяндауы, мата қиқымын қарау, балабақшаның бөлмелері 
туралы әңгімелесу, үйрету бойынша қайталама сабақтар, жаттау және т.б. 
Тәрбиеші бұндай сабақтарда жаңа, қосымша мәліметтер беретіндігі сөзсіз, 
алайда негізінен балалардың күшін бар білім қорын дербес қолдануға, сөйлеу 
дағдыларын нығайтуға бағыттайды. Бұл жеке фактілерді, жиынтықтарды, 
дағдыларды бекіту болуы мүмкін. Тәрбиеші сөзбе
-
сөз, туындатқыш бекітуді 
(таныс мәтінді мазмұндау, жаттап алған өлеңдерді жатқа айту), даярлық 
қайталама жаттығуды (дыбыс шығару, бір грамматикалық нысанды қолдану) 
және шығармашылық жаттығуды (таныс мәтінді қолдану арқылы ойынды 
драмаландыру, бақылау материалдары бойынша әңгімелесу) қолдана алады. 
Оң нәтижеге қол жеткізу үшін жаңашылдық элементтерін, материалды 
қайталау процесіне шығармашылық белсенділікті енгізу маңызды. 
ҰОҚ
бұл түріне өткен материалды жалпылайтын және жүйелендіретін 
сабақтар жақын. Мысалы, «Кімге не керек?», «Дүкен» және т.б. түріндегі 
дидактикалық ойын процесінде балалар заттарды түстер бойынша, нысандар 
бойынша, тағайындалуы бойынша және т.б. жіктеуге жаттығады. Ересек 
топтарда жалпылама әңгімелер өткізіледі: туған қала туралы, еңбек туралы, 
көлік туралы, кітаптар туралы. Балалардың алдына материалды мақсатты 
орындау міндеті қойылады (жолаушылар көлігі, жүргізуші еңбегі туралы, 
ұнайтын ертегілері туралы айту). Жалпылама түрдегі сабақтар мектеп 
жасына дейінгі балалардың бойында логикалық ойлаудың, синтетикалық 
талдау әрекетінің қалыптасуы үшін өте құнды болып табылады. 
Балабақшаларда дидактикалық мақсаттар жинақталған сабақтар кең 
таралған, мысалы, балалардың жаңа материалдармен танысуы, өткенді 
қайталау мен бекіту және оны практикалық қолдану.


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   33   34   35   36   37   38   39   40   ...   163




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет