Көркем әдебиетпен танысу.
Мектепке дейінгі мекемеде балаларды
балалар әдебиетінің үздік шығармаларымен таныстырады. Тәрбиеші
балалардың бойында қарапайым біліктерді қалыптастырады: көркем
шығармаларды тыңдау және түсіну, олардың кейіпкерлері туралы пікір айту.
Балалар мазмұны бойынша қолжетімді кішігірім өлеңдерді есте сақтап және
жатқа мәнерлі оқып берулері қажет. Аталған міндеттер балалардың өнегелі
кейпі мен эстетикалық сезімдерін тәрбиелеумен тығыз байланысты.
Тәрбиеші әр баланың бойында оқуға және суреттерді қарауға деген
қызығушылығын тудыруы, кітапты ұқыпты ұстауға, өзінің білімін
достарымен бөлісуге үйрету қажет. Балабақшада көркем сөздің баланың
тұрақты серіктесіне айналуына, күнделікті ауызша сөйлеу тілінде және
мерекелік жиында естілуіне, қойылымдарда, драмалық ойындарда,
кинофильмдерде жандана отыра бос уақытын толтыруына қол жеткізу қажет.
Балаларды сауатылыққа үйретуге дайындау.
Балабақшада баланың
сөйлеуін дамыту бойынша бүкіл педагогикалық жұмыс оны дұрыс ауызекі
сөйлеу, басқаларды тыңдау білігі, олардың айтқанын түсіну, қажет болғанда
досының жауабын толықтыру немесе өзгерту секілді біліктер қажет болатын
мектеп қабырғасында білім алуына дайындайды. Сөйлеу балалардың талдау
пәніне айналады, бұл олар үшін үлкен қиындық тудырады. Мектепте үшін
төмендегі қасиеттер маңызды: педагогтың айтқанын есту білігі, таралған сөз
тірккестерінде, кішігірім жүйелі әңгімелерде өзінің ойын айқын, нақты,
грамматикалық дұрыс жеткізу білігі. Бұл біліктер балалардың бойында
негізінен жоғары және мектепке дайындалу топтарында мақсатты
қалыптасады. Сонымен бірге, алты жастағы балалардың сауатты
меңгерулеріне дайындық жұмыстары жүргізіледі. Балалар сөйлеудің
дыбыстық талдауымен айналысады, екі
-
төрт сөзден тұратын сөз тіркестерін
құрастырады және т.б.
Әр міндеттің шешімі оқшауланып жүзеге асырыла алмайды.
Осылайша, балаларды грамматикалық дұрыс сөйлеуге үйрете отыра («Кім
жетіспейді?» жаттығуы) сөйлеудің дыбыстық жағына назар аударуға, сөздің
дұрыс мағыналық қолданылуын қадағалауға және т.б. тура келеді. Алайда,
сөйлеудің грамматикалық жағын қалыптастыру бұл жаттығудың негізгі,
алдын ала жоспарланған міндеті
болып табылады. Ол үшін арнайы үйрету
тәсілдері таңдалады, ал басқа міндеттер рет
-
ретімен шешіледі
.
Негізгі міндеттердің осылай нақты ажыратылуы практика жүзінде
қажет болғанымен, бір жағынан шартты болып келеді. Егер тәрбиеші
балалардың бойында сөйлеудің қандай қасиеттерін қалыптастыруды анық
білсе, олардың әрқайсысын жоспарлы түрде дамытып отырады. Сөйлеуді
дамыту бойынша маңызды міндеттерді білу жұмыстың апта сайын
жоспарлануын жеңілдетеді, себебі олардың әрқайсысының жүзеге асырылуы
күн тәртібіндегі тұрақты орнын алдын ала анықтайды.
Осылайша, сөйлеуді дамытудың негізгі міндеттерін білу формалды
талап емес, ол балабақшада жұмысты дұрыс ұйымдастыру үшін қажет.
Достарыңызбен бөлісу: |