Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрлігі «Кәсіпқор» Холдингі» коммерциялық емес акционерлік қоғамы



Pdf көрінісі
бет32/163
Дата30.11.2022
өлшемі1,63 Mb.
#160467
1   ...   28   29   30   31   32   33   34   35   ...   163
Байланысты:
1 til damytu negizderi

 
Сұрақтар:
 
1.Тәрбиешінің сөйлеуі қандай болу қажет?
2. Тәрбиеші өз сөзінде қандай кемістіктерден аулақ болуы қажет?
3.Тәрбиеші сөйлеуінің мәнерлілігі неде? 
2.5. Сөйлеуді дамыту міндеттері
 
Сөздікті дамыту.
Мектеп жасына дейінгі балалалық шақта тілдің 
негізгі сөздік қорындағы сөздер меңгеріледі, олардың таңдалуы қоршаған 
адамдардың сөздігіне, баланың қоршаған әлемдегі бағдарына және т.б. 
байланысты болады [12].
Балабақшада тәрбиешіні таңдауға бағыттайтын сөздік жұмыс 
бағдарламасы болады, бұл ең алдымен баланың қалыпты қарым
-
қатынасы 
үшін қажетті және бала стихиялық жолмен оны баяу, қиын, қателіктермен 
қабылдайтын сөздік болғаны жөн. Тәрбиеші арнайы тәсілдермен балалардың 
қажетті сөздер мағынасын білуіне және түсінуіне, сондай
-
ақ оларды 
сөйлегенде белсенді қолдануына, олардың бойында сөзге деген 
қызығушылық пен зейіннің дамуына (Неге олай айтады? Осылай айтуға 
болады ма? Қалай дұрыс, нақтырақ айтқан жөн?) қол жеткізеді.
Ауызекі сөйлеудің мәдениетін тәрбиелей отыра, балалардың дөрекі 
немесе қарапайым сөздерін әдеби сөздермен алмастырып, олардан арылту 
қажет. Сөздік жұмыс балалардың қоршаған айналамен танысуына байлансты 
жүзеге асырылады. Қандай да бір затты немесе құбылысты білдіретін сөз сол 
объектімен танысудың оқу
-
тәрбиелік үдерісінде айтылады.
Сөйлеудің грамматикалық жағының қалыптасуы.
Сөздік тіл үшін 
құрылыс материал болып табылады. Сонымен қатар, ол тілдің құраушы 
үлгісін анықтайды (сөзжасамдық, сөз түрлендірушілік) [12].
Бала қоршаған ортаның грамматикалық дайын сөйлеуін естиді. 
Естігенді түсіне отыра грамматикалық құрылымды меңгереді, тіл үлгісін 
таниды. Тәрбиеші тілді оқыту жүйесіне балалардың күрделі және қажетті 
құраушыларға назарларын аудартатын, ана тілінің
морфологиясының және 
синтаксисінің белгілі бір ережелерін бекітетін жаттығуларды қоса отыра, 
балалардың назарын аудартатын алуан түрлі сөйлеу практикасын 
ұйымдастырады («Қиялдайық, егер....» 

шартты райды қолдану жаттығуы; 
«Ненің жетіспей тұрғандығын тапшы?»

зат есімін ілік септігінде қолдану 
жаттығуы; «Мен бастаймын, ал сен аяқта!» 

таралған сөйлемдерді қолдану 
жаттығуы және т.б. 
Тәрбиеші балаларды олар үшін жаңа грамматикалық нысандармен 
таныстырады, күрделі нысандардың дұрыс қолданылуына үйретеді, 
нәтижесінде грамматикалық дұрыс сөйлеу әдетін қалыптастырады.


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   28   29   30   31   32   33   34   35   ...   163




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет