24
тыңдау, түсіну, содан соң тыңдалғанға еліктеп, оның мазмұнын айтып беру
білігі қалыптасады.
Мектеп жасына дейінгі кезеңде балаларды қарапайым әңгімелерді
құрастыруға үйретеді, әңгіменің мазмұны мен нысанында баланың дербестігі
мен шығармашылық белсенділігі байқалуы қажет.
Балабақшада тыңдаушыларға қарап,
өзінің ойын саралап, асықпай
сөйлеу білігі, сондай
-
ақ таныс емес аудиторияның
алдында сөз сөйлеуі
(мерекеде, ересек адамдардың қатысуымен, басқа топта) тәрбиеленеді, бұл
сөйлеудің жетілдірілуіне мүмкіндік береді,
ұжымда мінез
-
құлық әдеттерін,
тапқырлықты дамытады.
Көркем әдебиетпен танысу.
Мектепке дейінгі мекемеде балаларды
балалар әдебиетінің үздік шығармаларымен таныстырады.
Тәрбиеші
балалардың бойында қарапайым біліктерді қалыптастырады: көркем
шығармаларды тыңдау және түсіну, олардың кейіпкерлері туралы пікір айту.
Балалар мазмұны бойынша қолжетімді кішігірім өлеңдерді есте сақтап және
жатқа мәнерлі оқып берулері қажет. Аталған міндеттер балалардың өнегелі
кейпі мен эстетикалық сезімдерін тәрбиелеумен тығыз байланысты.
Тәрбиеші әр баланың бойында оқуға және суреттерді қарауға деген
қызығушылығын тудыруы,
кітапты ұқыпты ұстауға, өзінің білімін
достарымен бөлісуге үйрету қажет. Балабақшада көркем сөздің баланың
тұрақты
серіктесіне айналуына, күнделікті ауызша сөйлеу тілінде және
мерекелік жиында естілуіне, қойылымдарда,
драмалық ойындарда,
кинофильмдерде жандана отыра бос уақытын толтыруына қол жеткізу қажет.
Достарыңызбен бөлісу: