23
Ең алдымен, тәрбиеші
с, з, ц, ш, щ, л, р
дыбыстарының
дұрыс
айтылуына назар аударуы қажет, себебі олар жиі дұрыстап айтылмайды.
Артикуляцияны нақтылау, дыбыстарды, сондай
-
ақ
дауыс қойылымын
дұрыстап айту үшін арнайы әдебиетті пайдалану ұсынылады (логопедтік
немесе сөйлеу техникасы бойынша). Сөйлеу кемістіктерінен арылу қиын
болған жағдайда сөйлеуді түзету бойынша логопед маманының көмегіне
жүгіну қажет. Жақсы дикцияға қол жеткізу үшін күнделікті дауыстап оқу
жаттығулары ұсынылады (10
-
12 минут).
Дауыссыз дыбыстар айқын,
созылмалы, ал дауысты дыбыстар толық, айқын дыбысталатындай етіп баяу,
жеткілікті қатты дауыстап оқыған жөн. Оқу кезінде мүше бұлшықеттерінің
(тіл, ерін) жұмысын сезіну керек; дыбыстардың артикуляциясы айқын, бірақ
табиғи болуы керек. Оқу үшін қандай да бір мәтінді алуға болады.
Жаңылтпаштарды және дауыссыздардың көптігінен, ұқсас немесе дыбыстық
құрамы бойынша жақын сөздерді оқып жаттығу пайдалы.
Достарыңызбен бөлісу: