4. Сабақтардың эмоциялық сипаты.
Сабақты бастамас бұрын
баланың бойында оқуға, білуге құмарлыққа, жаңаны білуге ниетін тудыру
қажет. Сабақ балаға қанағаттанушылық сезімін беруі қажет. Балалардың
қызығушылығы
–
тәрбиешінің маңызды одақтасы. Сөйлеу сабақтарында
қалжың, әзіл белгілі орынды алады. Мысалы, балалар ұмытшақ Петрушка тіс
щеткасын етік щеткасы деп атап, оны өзінің етігін тазалау үшін қолданғанда
балалар күледі. Олар оны түзетеді, щеткаларды ажыратуға үйретеді.
5.
ҰОҚ
құрылымына сәйкес үйрету тәсілдерін бөлу.
Сабақтың
қойылуы нақты болуы қажет. Ереже бойынша, оны ең алдымен өткен
материалмен, балалардың тәжірибесімен жүргізеді. Кейін педагог сабақтың
мақсатын айтады (қарапайым және түсінікті сөзбен). Бұл балаларды
мақсатты әрекет етуді үйретуге көмектеседі. Мақсаты қарапайым
болуы
мүмкін: гүлбақшаға бару, онда қандай гүлдер өсетіндігін қарау, жаңа
қуыршаққа өлең оқып беру және т.б. Жоғары топтарда сабақ мақсаты
ынталандырылады. Бұл баланы жаңа білімдер мен біліктерді меңгеру
қажеттілігіне
бейімдейді. Сабақтың жүйелі құрылуына, қызығушылығын
арттыруына, балалардың
дұрыс қабылдауына назар аудару қажет. Сондықтан
да оны қызығушылық интонациясын қолдана отыра жинақы, дұрыс
жүргізген жөн. ҰОҚ басым бөлігі нақты құрылыммен сипатталуы қажет.
Оның бірінші кезеңінде (жаңа міндетті шешу кезінде) балаларға кейінгі
сөйлеу әрекетін және оның мақсатын түсінуге көмектесетін жетекшінің
үйрету тәсілдері шоғырланған. Кейін тәрбиеші жағынан белсенді
педагогикалық жетекшілігін қосқандағы балалардың дербес жұмысы жүреді
(жауаптар, жаттығулар және т.б.). Сабақтың қорытынды бөлігі қысқа және
эмоциялық болуы тиіс, яғни материалды бекіту көркем шығарманы оқу,
жұмбақ нысанында, «Осылай ма, әлде осылай емес пе» секілді көңілді ойын
процесінде жүзеге асырылуы мүмкін. Сонымен бірге, балалар әрекеті мен
мінез
-
құлқын мезгілсіз бағалауды, ұзақ және формалды қорытындыны
қолданбау ұсынылады. Егер сабақ құрамдасқан болса, ереже бойынша оның
негізгі деп аталатын бір бөлігінде жаңа материал беріледі. Ол бірінші жүреді
және жоғарыда берілген сызба бойынша құрылады. Басқа бөліктер таныс
материалға арналады, алайда олардың өзінде белсенді үйретуші тәсілдер
қолданылады (Мысалы, педагог баланы өлеңді жатқа айтып беругешақыра
отыра, бұл өлеңді қалай айтуды және неге олай айтуды ұсынады: көңілді,
мұңды, нәзік. Сонымен бірге, баға мен басқа тәсілдер қолданылады)
.
Сабақты құрастыру кезінде күрделіден жеңілге, эмоциясы төменнен
жоғарыға ауысу ескеріледі. Оның бөліктері арасында 1
-
2 сергіту сәтін
жоспарлайды.
Достарыңызбен бөлісу: |