Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрлігі «Кәсіпқор» Холдингі» коммерциялық емес акционерлік қоғамы



Pdf көрінісі
бет43/163
Дата30.11.2022
өлшемі1,63 Mb.
#160467
1   ...   39   40   41   42   43   44   45   46   ...   163
Байланысты:
1 til damytu negizderi

 
6. 
Оқу сағаттарының барлық кезеңдеріндегі әр баланың сөйлеу 
белсенділігі
.
«Сөйлеу белсенділігі» түсінігі «шексіз дауыстап сөйлеуді» 
білдірмейді. Ол басым дәрежеде баланың педагог пен құрдастарының 
сөйлеуін, оны түсінуін белсенді қабылдануында көрсетілуі қажет. Мүмкіндік 
бойынша балалардың басым бөлігіне белсенді дауыстап сөйлеуі үшін де 
жағдай жасау қажет. Орындалуы балалардың барынша белсенділігін 
қамтамасыз етуге көмектесетін әдістемелік ережелер қатары бар. Оған 
балаларды үстел басына отырғызу кезінде, жеке бағытталған тәсілдерді 
таңдау, көрнекілік құралдарды, соның ішінде үлестірме материалдарды 
саналы қолдану кезінде, олардың типологиялық ерекшеліктерін ескеру 
жатады. Әрекеттің әртүрлілігі, оның түрлерінің ауысуы, ойын тәсілдері 
белсенділігін жоғарылатады. Сабақтың баяу қарқыны, жауапты толғау үшін 
балаға уақыт беру, жеке сөйлеу, реакциясы баяу балаларға жұмыстың жалпы 
барысына қосылуына көмектеседі. Балалар белсенділігіне диалогтың дұрыс 
әдістемесі әсерін тигізеді. Тәрбиеші сұрақты, тапсырманы бәріне айтады
керек болған жағдайда қайталайды; жауап берушіні барлығы естуі үшін 
қатты, айқын сөйлеуіне нұсқау береді; сөйлеу деңгейі әртүрлі дамыған 
балаларды кезекпен сұрастырады, біреулерді жиі шақырмайды; жауап 
берушінің сөйлеуін бақылауға барлығын тартады, барлық аудиторияға : ол 
дұрыс айтты ма? Барлығын айтты ма? Тәртіппен айтты ма? деген сұрақпен 
жүгінеді. Балалардың белсенділігін бағалау сұрақтары да (Саған не ұнайды?), 
шығармашылық тапсырмалар да, жеке тәжірибеге жүгіну де тудырады.
 


30
7. 
Оқытудың ұжымдық сипатын жеке көзқараспен ұштастыру. 
Жұмыстың фронтальды нысандары 

бұл ортақ тапсырмалар, ортақ ырғақ, 
хормен жауап және т.б. жеке балаға ұсынылатын тапсырмалармен үйлесуі 
қажет. Тәрбиеші үйретудің жеке тапсырмалары мен тәсілдерін таңдаған кезде 
баланың білім деңгейі мен сөйлеу дағдыларын, қызығушылықтары мен 
қабілеттерін ескереді. Сабақ барысында қандай да бір бағдарламалық 
білімдерді меңгермеген немесе сөйлеуі қабілеті нашар дамыған балаларға 
ерекше назар аударуы қажет. Сөйлеу дамуында ерекшеліктері бар 

үнсіз, 
тұйық, ұстамсыз, сөзқұмар балалар басты назарды қажет етеді. 


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   39   40   41   42   43   44   45   46   ...   163




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет