сөздік тәсілдер
ең көп таралған.
Сөздік үлгі
–
тәрбиешінің дұрыс, алдын ала қайталанған сөздік (тілдік)
әрекеті.
Үлгі қайталау, еліктеу үшін қолжетімді болғаны жөн. Балалардың
үлгіні саналы қабылдауына қол жеткізу үшін балалар дербестігінің рөлін
арттыру, үлгіні басқа түсіндіру, көрсету секілді тәсілдермен сүйемелдеу
пайдалы. Үлгі балалардың сөздік әрекетінің алдында жүруі қажет; бір сабақ
барысында қажеттілік бойынша бірнеше рет пайдалануы мүмкін. Сөйлеу
үлгісі балаларға анық, дауысты, асықпай жеткізіледі.
Қайталау
—
бір сөздік элементті
(дыбыс, сөз, сөз тіркесі) есте сақтау
үшін оның әдейі, бірнеше рет қолданылуы. Тәрбиешінің материалды
қайталауы, баланың жеке қайталауы, бірге қайталау (тәрбиеші мен бала
немесе екі бала), хормен машықтандырылады. Әсіресе хормен қайталау анық
жетекшілікті қажет етеді. Оған алдын ала түсіндірме беру ұсынылады:
барлығына бірге, анық және дауыстап айтуды ұсыну.
Түсіндіру
—
тәрбиешінің қандай да бір құбылыстың немесе әрекет
бейнесінің мәнін ашып айтуы. Бұл әдіс сөздік жұмыста өте кең қолданылады,
алайда басқа міндеттерді шешуде де жүзеге асырылады.
Нұсқау
—
балаларға қалай әрекет етуді, талап етілетін нәтижеге қалай
жетуді түсіндіреді. Оқыту, сондай
-
ақ ұйымдастырушылық, тәртіптік
сипатындағы нұсқаулар ажыратылады.
Сөздік жаттығу
—
балалардың сөйлеу біліктері мен дағдыларын
тудыру және жетілдіру үшін белгілі бір сөйлеу әрекеттерін бірнеше реттік
орындауы. Жаттығу қайталауға қарағанда көп жиілігімен, вариативтілігімен,
балалардың дербес күш салуларының басым бөлігімен ерекшеленеді.
Достарыңызбен бөлісу: |