Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрлігі «Кәсіпқор» Холдингі» коммерциялық емес акционерлік қоғамы


Еске салу, кеңес беру, білдірмей айту, түзету, ескерту, қақпалау  жанама тәсілдер



Pdf көрінісі
бет53/163
Дата30.11.2022
өлшемі1,63 Mb.
#160467
1   ...   49   50   51   52   53   54   55   56   ...   163
Байланысты:
1 til damytu negizderi

 
Еске салу, кеңес беру, білдірмей айту, түзету, ескерту, қақпалау 
жанама тәсілдер 
болып табылады.
Сұрақтар:
 
1. Сөйлеуге үйретудің әдісі деп нені айтады?
2. Сөйлеуге үйретудің тәсілі деп нені айтады?
3. Еліктеу әдісі неден құралады?
4. Шынайы заттың артынан бақылау тәсілі (еліктеу әдісі) арқылы 
сөздің мәнін түсіндіру мысалын келтіріңіз.
5. Рөлдік ойын тәсілі (еліктеу әдісі) арқылы сөзді меңгерудегі жаттығу 
мысалын келтіріңіз.
6. Дидактикалық ойын тәсілі (еліктеу әдісі) арқылы грамматикалық 
нысанды үйрету (ілік септігін қолдану) мысалын келтіріңіз. 
7. Ойынды драмалау және мазмұнды ойын тәсілдері (еліктеу әдісі) 
арқылы жүйелі сөйлеуге үйрету мысалын келтіріңіз. 
8. Сөздік үлгіге сүйену тәсілі (еліктеу әдісі) арқылы жүйелі сөйлеуге 
үйрету мысалын келтіріңіз.
III ТАРАУ. БАЛАЛАРДЫҢ СӨЙЛЕУІН ЖӘНЕ СӨЙЛЕУ 
ҚАРЫМ
-
ҚАТЫНАСЫН ДАМЫТУ БОЙЫНША ПРАКТИКАЛЫҚ ІС
-
ШАРАЛАР 
 
3.1.Сөздік жұмыстың мәні, оның міндеттері
Балабақшадағы сөздік жұмысы 

балалар үшін таныс емес және күрделі 
сөздер есебінен олардың белсенді сөздігін заңды кеңейту.
Активті және пассивті сөздіктер ажыратылады
.
 
Активті сөздік

бұл тілде сөйлеп жатқан адам тек түсініп қана қоймай, 
сондай
-
ақ қолданатын сөздері. Активті сөздікке жалпы қолданыстағы 
лексика жатады.
 
Пассивті сөздік

бұл тілде сөйлеп жатқан адам түсінсе де, тиісті 
жағдайлардың туындамау себебінен, немесе сөздерді іздеудің дамымаған 
механизмінің салдарынан, немесе бұл сөздің төмен «тонусынан»
(И.П. Павлов) 
қолданбайтын сөздері болып табылады. 
Мектепке дейінгі мекемелердегі сөздік жұмыстың ерекшелігі балаларға 
тәрбиелік
-
білім беру жұмысының бүкіл процесінде, соның ішінде сабақтарда 
жүргізілуінде. Жаңа сөздердің меңгерілуі стихиялы болмай, жүйелі 
жүргендігі маңызды, бұл педагогтың сөзді меңгеру дұрыстығы мен 
толықтығын қамтамасыз ете отыра, аталған процестің балалар үшін 
жеңілдетілуін басқара алуы үшін қажет.
 


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   49   50   51   52   53   54   55   56   ...   163




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет