Балабақшадағы сөздік жұмыстың міндеттері 1. Балалардың сөздігін байыту, яғни
балалар бұрын білмеген жаңа
сөздерді немесе жаңа сөздік мағыналарды меңгеруі. Сөз қорын кеңейту
лексиканы жалпы қолдану есебінен пайда болады (заттар, қасиеттер,
құрылымдар, әрекеттер және т.б. атауы,). Балалардың сөздігі олардың
қоршаған болмыспен тікелей танысуы негізінде, танымдық әрекет процесінде
байытылады. Мектеп жасына дейінгі балалардың сөз қоры олардың
көріністерінің қорына сәйкес келуі қажет. Егер сөз қоры баяу өсетін болса,
балалардың өз ойын жеткізуде сөз жетіспеушілігі туындайды, салдарынан
ыммен бейнелеулеріне амалсыз жүгінеді. Егер мектеп жасына дейінгі
балалардың сөз қорының өсуі ой
-
өрісінің нақты білімдермен және
көріністермен байытылуынан артылса, олардың сөз мағынасын түсінбей
сөйлеу әдеті пайда боуы мүмкін. Екеуі де ойлаудың дамуына кері әсерін
тигізеді.
2. Сөздікті бекіту және нақтылау. Мектеп жасына дейінгі балалар өз
ерекшеліктеріне байланысты сөздерді есте сақтау үшін, оларды көп реттік
қайталауда
қажет етеді. Бұл ең алдымен олар үшін күрделі («жиһаз», «ыдыс
-
аяқ» және т.б.), дерексіз («тыныштық», «жақсылық» және т.б. ) сөздерге, зат
есімдерге, сан есімдерге, салыстырмалы сын есемдерге («жолаушы»,
«қалалық» және т.б.), сондай
-
ақ дыбысталуы күрделі («трамвай»,
«эскалатор» және т.б.) сөздерге қатысты болады.
Сөздің мағыналық көлемі бірлік мағыналармен шектелмейтіндіктен
және көп сөздер көп мағыналы болатындықтан, балалар оларды жиі нақты
емес немесе дұрыс емес мағынада қолданады. Педагогтың міндеті балаларды
36
сөздердің мәнін, реңктерін дұрыс қолжетімді түсінуіне, синонимдер,
антонимдер таңдауға жетелеу, яғни сөздерінің пікір білдіруіне қол жеткізу.