31
7.
Оқытудың ұжымдық сипатын жеке көзқараспен ұштастыру.
Жұмыстың фронтальды нысандары
–
бұл ортақ тапсырмалар,
ортақ ырғақ,
хормен жауап және т.б. жеке балаға ұсынылатын тапсырмалармен үйлесуі
қажет. Тәрбиеші үйретудің жеке тапсырмалары мен тәсілдерін таңдаған кезде
баланың білім деңгейі мен сөйлеу дағдыларын, қызығушылықтары мен
қабілеттерін ескереді. Сабақ барысында қандай да бір бағдарламалық
білімдерді меңгермеген немесе сөйлеуі қабілеті
нашар дамыған балаларға
ерекше назар аударуы қажет. Сөйлеу дамуында ерекшеліктері бар
–
үнсіз,
тұйық, ұстамсыз, сөзқұмар балалар басты назарды қажет етеді.
8.
Сабақты дұрыс ұйымдастыру.
Сөйлеуді дамыту ҰОҚ
әртүрлі
жағдайларды өткізілуі мүмкін. Жиі оларды топтық бөлмеде жүргізеді, бұл
ретте балалар үстел басында үйреншікті орындарына отырады. ҰОҚ (немесе
оның бөлігі) балалар қойылым немесе фильм көретін, радио бағдарламалар
еститін, қозғалмалы ойындар ойнайтын залда өткізулуі мүмкін. Жылдың
жылы
мезгілінде аулада
ҰОҚ
ұйымдастырылады. Ана тілі
ҰОҚ
басқа
сабақтардағыдай барлық гигиеналық шарттар орындалуы қажет: жеткілікті
жарық, отырғанның сол жағынан және артынан жарық көзінің түсуі, таза ауа,
бойы бойынша жиһаз. Үстел басындағы орындар әр балаға бекітілуі тиіс.
Балаларды орнықтырудың негізгі талабы: әрқайсысы жүзімен тәрбиешіге
қарсы дұрыс қалыпта отыруы қажет.
Негізгі объектісі
қабылдау болатын сабақтарда
–
қозғалып жатқан
заттар, ұсақ заттар, сондай
-
ақ лото ойындары, көрнекілік заттармен жаттығу
кезінде (әсіресе өзара бақылау қажет болғанда) балалар жылжытылған
балалар үстелінің айналасына отырғызылады. Ортақ үстелдің айналасында
отыра
кірпінің артынан, шара ішіндегі балықтардың артынан бақылау
ыңғайлы. Егер балаларды қандай түрлі себептермен үстел басына отырғызу
мүмкін болмағанда, олар тәрбиешіге бетпе
-
бет отырғызылады.
Мүмкіндігінше тәрбиешінің жұмыс үстелі мен орындығының тұрақты орнын
белгілеген жөн. Педагог отырған адамның
дұрыс қалпында жайғасады,
көрнекілік оқу құралдарын балаларға жақсы көрінетіндей етіп үстеліне
қояды. Жауап беретін баланың қай жерде отыратындығын ойластырады,
оның қалпының дұрыстығын қадағалайды. Сабақтың барлық жағдайы
эстетикалық талаптарға сәйкес болуы қажет (бөлменің сыртқы бейнесі, оқу
құралдары және т.б.).
Достарыңызбен бөлісу: