9. Өткен материалды басқа сабақтарда
немесе басқа әрекеттерде
топтастыру
қажеттігі.
Бұл талап дидактикалық принциптердің бірі
–
қайталауға негізделген. Оның орындалуы сөйлеу жұмысында өте маңызды,
күрделі ақыл
-
ой біліктері мен дағдыларының қалыптасу процесі жүреді.
Мектеп жасына дейінгі балалардың басым бөлігі үшін айтуға, ойлауға,
қоршаған ортамен қарым
-
қатынас жасауға үйренетін бірінші тілі
–
мемлекеттік
тіл
болып табылады. Сонымен қатар, балалар қазақ тіліне де
ерте қатыстырылады. Балалар қазақ тілін жүйелі сөйлеу, сөйлеудің
дыбыстық мәдениетін тәрбиелеу, сөздік жұмыс, сөйлеудің грамматикалық
жақтарын қалыптастыру арқылы меңгереді.
2.7. Сөйлеуді дамыту ҰОҚ
әдістер мен тәсілдер
Дидактикамен құрастырылған оқыту әдістері әр жеке әдістемеде
нақтыланады. Оқыту әдісі
–
балалардың білімдерді, біліктерді және
дағдыларды бойына сіңіруін қамтамасыз ететін тәрбиеші мен баланың
жұмыс істеу тәсілі. Ана тілін оқыту әдістемесінде әдістердің бірнеше тобын
ажыратуға болады
[14].
Көрнекілік әдістер.
Егер зерттеліп жатқан объектілер балалармен
тікелей байқалатын болса, тәрбиеші бақылау әдісін немесе оның түрлерін
қолданады: бөлмені қарау, экскурсия, табиғи заттарды қарау. Егер объектілер
тікелей бақылауға қолжетімсіз болса, педагог оларды балаларға жанама
жолмен таныстырады, жиі бейнелеу құралдарын,аудиожазылымдарды,
суреттерді
және
фотосуреттерді,
кино,мультфильмдер
мен
бейнематериалдарды көрсету қолданылады. Жанама көрнекі әдістер
балабақшада объектімен екінші реттік танысу,
бақылау кезінде алынған
білімдер бекіту, жүйелі сөйлуеді қалыптастыру үшін қолданылады. Осы
мақсатта балаларға таныс мазмұнды суреттерді қарау, ойыншықтарды қарау
(қоршаған әлемді көлемді бейнелі нысандарда көрсететін шартты бейнелер
ретінде), балалардың суреттер мен ойыншықтарды сипаттауы, мазмұндық
әңгімелер ойлап табу секілді әдістер пайдалынады. Әрине, аталған барлық
процестерде балалардың қабылдауын бағыттайтын, көрсетіліп жатқанды
атайтын және түсіндіретін тәрбиешінің сөзі міндетті түрде айтылады.
Көрнекі заттар немесе құбылыстар тәрбиеші мен баланың әңгімесінің,
пікірлерінің шеңберін анықтайтын қайнар көз болып табылады.
Достарыңызбен бөлісу: |