Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрлігі «Кәсіпқор» Холдингі» коммерциялық емес акционерлік қоғамы



Pdf көрінісі
бет48/163
Дата30.11.2022
өлшемі1,63 Mb.
#160467
1   ...   44   45   46   47   48   49   50   51   ...   163
Байланысты:
1 til damytu negizderi

 
Қабылдау

бұл әдіс элементі. Қазіргі уақытта сөйлеуді дамыту 
әдістемесінде жалпы дидактика секілді тәсілдердің тұрақты жіктемесі жоқ. 
Ең алдымен, оларды 
көрнекілік
және эмоциялық рөлі бойынша
сөздік, 
көрнекілік, ойындық 
деп ажыратуға болады.
Келесідей 
сөздік тәсілдер
 
ең көп таралған.
 
Сөздік үлгі 

тәрбиешінің дұрыс, алдын ала қайталанған сөздік (тілдік) 
әрекеті.
 
Үлгі қайталау, еліктеу үшін қолжетімді болғаны жөн. Балалардың 
үлгіні саналы қабылдауына қол жеткізу үшін балалар дербестігінің рөлін 
арттыру, үлгіні басқа түсіндіру, көрсету секілді тәсілдермен сүйемелдеу 
пайдалы. Үлгі балалардың сөздік әрекетінің алдында жүруі қажет; бір сабақ 
барысында қажеттілік бойынша бірнеше рет пайдалануы мүмкін. Сөйлеу 
үлгісі балаларға анық, дауысты, асықпай жеткізіледі.
 
Қайталау

бір сөздік элементті 
(дыбыс, сөз, сөз тіркесі) есте сақтау 
үшін оның әдейі, бірнеше рет қолданылуы. Тәрбиешінің материалды 
қайталауы, баланың жеке қайталауы, бірге қайталау (тәрбиеші мен бала 
немесе екі бала), хормен машықтандырылады. Әсіресе хормен қайталау анық 
жетекшілікті қажет етеді. Оған алдын ала түсіндірме беру ұсынылады: 
барлығына бірге, анық және дауыстап айтуды ұсыну.
Түсіндіру 

тәрбиешінің қандай да бір құбылыстың немесе әрекет 
бейнесінің мәнін ашып айтуы. Бұл әдіс сөздік жұмыста өте кең қолданылады, 
алайда басқа міндеттерді шешуде де жүзеге асырылады.
Нұсқау
 

балаларға қалай әрекет етуді, талап етілетін нәтижеге қалай 
жетуді түсіндіреді. Оқыту, сондай
-
ақ ұйымдастырушылық, тәртіптік 
сипатындағы нұсқаулар ажыратылады.


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   44   45   46   47   48   49   50   51   ...   163




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет