Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрлігі «Кәсіпқор» Холдингі» коммерциялық емес акционерлік қоғамы



Pdf көрінісі
бет51/163
Дата30.11.2022
өлшемі1,63 Mb.
#160467
1   ...   47   48   49   50   51   52   53   54   ...   163
Байланысты:
1 til damytu negizderi

Балалар сөйлеуін бағалау

білімдер мен сөйлеу біліктерін меңгерудің 
дәрежесін ашатын баланың жауабы туралы ашық ынталандырылған пікір. Бір 
сабақ жағдайында тек кейбір балалардың жауаптары ғана кең, ашып 
бағалануы мүмкін. Ереже бойынша бағалау баланың сөйлеуінің бір
-
екі 
қасиетіне қатысты болады, ол басқа балалар жауап беру кезінде назарларына 
алуы үшін лезде жауаптан кейін беріледі. Бағалау жиі сөйлеудің жағымды 
жақтарына қатысты болады. Егер кемшіліктер көрсетілсе, балаға «тағы 
үйрену» ұсынылуы мүмкін 

өз жауабын түзету әрекеті. Басқа жағдайларда 
тәрбиеші жауап туралы ойын қысқаша түрде айтуы мүмкін 

мақтау, 
ескерту,айыптау.
 
Сұрақ

бар білімді қолдануды немесе өзгертуді білдіретін, баладан 
тапсырманы, жауапты талап ететін сөздік қарату. Сұрақтардың белгілі бір 
жіктемесі бар. Мазмұны бойынша фактіні талап ететін, репродуктивтік 
сұрақтар (Не? Қандай? Қайда? Қалай? Қай? Қанша? және т.б.); күрделірек 
санатты 

ізденістік, яғни ой қорытындысын талап ететін сұрақтар (не үшін? 
Неге? Несімен ұқсайды? және т.б.) ажыратылады. Сұрақтарды ой 
тұжырымдамасы бойынша тура, бағыттаушы, еске түсіру деп бөлуге болады. 
Сұрақтың әр түрі өздігінен құнды. Сұрақ қою кезінде логикалық екпіннің 
орнын дұрыс анықтау маңызды,
себебі баланың жауабы негізгі мағыналық 
жүктелімге ие тірек сөздерге бағыттайды.
 
Көрнекілік тәсілдер 

суретті, ойыншықты, қозғалысты немес 
әрекетті көрсету (ойынды драмалауда, өлеңдерді оқығанда), дыбыстар 
шығарған кездегі артикуляция мүшелерінің орналасуын көрсету және т.б. да 
әдетте сөздік тәсілдермен үйлеседі, мысалы, дыбыс шығару және сурет 
көрсету, жаңа сөзді атау және онымен негізделген объектіні көрсету.
Мектеп
жасына дейінгі балалардың сөйлеуін дамытуда ойын тәсілдері 
және кейбір тәсілдерді қолдану кезінде эмоциялылықты қолдану маңызды: 
сұрақ қою кезінде назар аударушы интонация, күрделі тапсырма беру 
кезіндегі асыра алаңдаушылық интонация, тапсырманы түсіндіру кезінде 
көңілді тапсырмалар
қолдану. Эмоцияның жандануы балалардың ойындағы 
назарын жоғарылатады, салдарынан сөйлеудің барлық процестері қосылады 
(үстел басында жүргізілетін заттарды жіктеу жаттығуын салыстырыңдар 
және «Ашық ауызданба!» ойынын фант тастау арқылы сол сөздік 
материалды қолдана отыра шеңберге тұрып допты жүргізу). Сабақта, әсіресе 
оның аяғында көңілді
сұрақтар қоюға, болмаған нәрсені, «Дұрыс па немесе 
бұрыспа»ойынын, ойын кейіпкерін (Негеш, аюды енгізу), бағалаудың 
ойындық нысандарын (фишкалар, фанттар, қол соғу) қолдануға болады. 
Оқу материалының эмоциялық әсерін таңдау бойынша
(саған ұнайтын 
екі суреттің біреуімен әңгіме құрастыр) немесе мағынасы бойынша әрекет 
секілді тәсілдер күшейтеді. Жарысу элементтері («Кім көбірек сөз айтады?» 
«Кім жақсырақ айтады?»), атрибуттардың реңктігі, жаңашылдығы, ойын 
мазмұнының қызықтылығы балалардың сөйлеу материалына деген 
қызығушылығын тудырады және назарын күшейтеді.
Сөйлеуді дамытудың тәсілдерін 


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   47   48   49   50   51   52   53   54   ...   163




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет