Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрлігі «Кәсіпқор» Холдингі» коммерциялық емес акционерлік қоғамы



Pdf көрінісі
бет74/163
Дата30.11.2022
өлшемі1,63 Mb.
#160467
1   ...   70   71   72   73   74   75   76   77   ...   163
Байланысты:
1 til damytu negizderi

Баспа үстел ойындары. 
Баспа үстел ойындары 

балалар үшін 
қызықты іс. Олар түрлері бойынша әртүрлі: жұп суреттер, лото, домино. 
Оларды пайдалануда шешілетін дамытушы міндеттер де әртүрлі. Суреттерді 
жұп бойынша таңдау. Осындай ойындағы ең қарапайым тапсырма 

әртүрлі 
суреттер арасында екі бірдейін табу: түсі мен
үлгісі бойынша бірдей екі 
телпек
немесе сырттай бір
-
бірінен еш айырмашылығы жоқ екі қуыршақ. 
Содан соң тапсырма күрделенеді: бала суреттерді тек сыртқы
белгілеріне 
қарай біріктірмейді, сондай
-
ақ мәні бойынша: мысалы, суреттер арасында екі 
ұшақты, екі алманы табу. Ұшақ та, алма да суретте бейнеленген, олар түсі 
бойынша, пішіні бойынша әртүрлі болғанымен, олардың бір зат түріне 
жататындығы біріктіреді, ұқсастырады. Ортақ белгілер бойынша суреттерді 
таңдау (жіктеу). Бұл жерде заттар арасындағы байланысты жалпылау, 
анықтау талап етіледі. Мысалы, «Бақта (орманда, бақшада) не өседі?» 
ойынында балалар өсімдіктердің тиісті суреттерін таңдайды, олардың өсу 
жерімен ара қатынасын белгілейді, осы белгі бойынша біріктіреді. Немесе 
«Содан сон не болды?» ойыны: балалар ұандай да бір ертегінің мазмұн 
әрекетінің даму жүйелілігін ескере отыра иллюстрациялар таңдайды.
Суреттердің құрамын, санын және орналасуын еске сақтау . Ойындар 
заттармен жүргізілгендей жүзеге асырылады. Мысалы, «Қай суреттің 
жасырылғандығын ойлап тап» ойынында балалар суреттер мазмұнын еске 
сақтайы қажет, содан соң олардың қайсысын суретімен төмен 
айналдырғандығын анықтауы қажет. Бұл ойын есті, еске
сақтауды және еске 
түсіруді дамытуға бағытталған. Бұл ойын түрінің ойын дидактикалық міндеті 
балалардың бойына есептік және реттік шот туралы, үстел үстіндегі 
суреттердің кеңестікті орналасуы туралы (сол жағында, оң жағында, үстінде, 
астында, алдында, бүйірінен және т.б.) білімдерді, суреттермен болған 
өзгерістер, олардың мазмұны туралы байланыстырып айту білігін бекіту 
болып табылады. Кеспелі суреттермен және кубпен жұмыс. Бұл ойын түрінің 
міндеті 

балаларды логикалық ойлауға үйрету, жеке бөліктерден тұтас 
заттарды құрастыру білігін дамыту. Бұл ойындағы күрделілік бөліктер санын 
ұлғайту, сондай
-
ақ құрамын, суреттер мазмұнын күрделендіру болып 
табылады. Егер кіші топта суреттерді 2
-
4 бөлікке кессе, орта және жоғары 
топтарда 8
-
10 бөліктерге бөледі. Сонымен бірге, кіші топтардағы ойын үшін 


49
біріншісіне заттардың, құбылыстардың айқын (басты) белгілерін ажырату 
білігі қалыптасады: «Ойлап
тапшы», «Дүкен», «Радио», «Асхат
қайда 
болды?», «Иә
-
жоқ» және т.б. Екінші тобын балалардың бойында салыстыру, 
теңестіру, алогизмдерді байқау, дұрыс ой қорытынды жасау біліктерін 
дамыту үшін қолданылатын ойындар құрайды: «Ұқсайды
-
Ұқсамайды», 
«Өтірікті кім көбірек табады?» және т.б. Заттарды әртүрлі белгілер бойынша 
заттарды жалпылау және жіктеу білігі дамитын ойындар үшінші топқа 
біріктіріледі: «Кімге не керек?», «3 затты ата», «Бір сөзбен ата» және т.б. 
Ерекше төртінші топқа зейінді, аңғарымпаздықты, ойлау тездігін, 
табандылықты, әзіл
-
сықақ сезімді дамыту ойындары жатады: «Бұзылып 
қалған телефон», «Бояулар», «Ұшады
-
ұшпайды», «Қара мен ақты атамау» 
және басқалар.


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   70   71   72   73   74   75   76   77   ...   163




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет