48
біріншісіне заттардың, құбылыстардың айқын (басты)
белгілерін ажырату
білігі қалыптасады: «Ойлап
тапшы», «Дүкен», «Радио», «Асхат
қайда
болды?», «Иә
-
жоқ» және т.б. Екінші тобын балалардың бойында салыстыру,
теңестіру, алогизмдерді байқау, дұрыс ой қорытынды жасау біліктерін
дамыту үшін қолданылатын ойындар құрайды: «Ұқсайды
-
Ұқсамайды»,
«Өтірікті кім көбірек табады?» және т.б. Заттарды әртүрлі белгілер бойынша
заттарды жалпылау және жіктеу білігі дамитын ойындар үшінші топқа
біріктіріледі: «Кімге не керек?», «3 затты ата», «Бір сөзбен ата» және т.б.
Ерекше
төртінші топқа зейінді, аңғарымпаздықты, ойлау тездігін,
табандылықты, әзіл
-
сықақ сезімді дамыту ойындары жатады: «Бұзылып
қалған телефон», «Бояулар», «Ұшады
-
ұшпайды», «Қара мен ақты атамау»
және басқалар.
Достарыңызбен бөлісу: