Пәннің мақсаты – Түркі тілді халықтарға ортақ әдебиеттің көп ғасырлық тарихын негізінен үш кезеңге бөліп қарастыру қажеттігі. Бірінші, VІ-ІХ ғасырлардағы көне түркі әдебиетінің ескерткіштері «Күлтегін», «Білге қаған», «Тоныкөк» жырлары, «Қорқыт ата кітабы», «Оғыз-наме», Әбу Насыр әл-Фарабидың әдеби мұралары. Екінші, Х-ХІІ ғасырлардағы әдебиет Махмұд Қашғари «Диуани лұғат ат-түрк»; Жүсіп Баласағұн «Құдадғу білік», Ахмед Иүгінеки «Ақиқат сыйы»; Ахмет Яссауи «Даналық кітабы»; Сүлеймен Бақырғани «Бақырғани кітабы». Үшінші, ХІІІ-ХV ғ.ғ., яғни Алтын Орда дәуіріндегі әдебиет. Рабғузи «Рабғузи қиссалары», «Кодекс Куманикус», Хорезми «Мухабббат-наме», Құтб «Хұсрау-Шырын», Сайф Сарай «Гүлстан», Дүрбек «Жүсіп-Зылиха», Әбілғазы «Шежіре-и түрк», Қадырғали Жалайыри «Жамиғ-ат тауарих», Хайдар Дулати «Тарих-и-Рашиди», Бабыр «Бабыр-наме». Қазақтың төл әдебиетінің тууы, т.б. жөнінде кең көлемде мағлұмат беру.
Достарыңызбен бөлісу: |