Қазақстан республикасы білім және ғылым министрлігі ұлттық тестілеу орталығЫ



Pdf көрінісі
бет88/98
Дата30.05.2020
өлшемі0,81 Mb.
#71768
1   ...   84   85   86   87   88   89   90   91   ...   98
Байланысты:
KAZAKSTAN-TARIKHY.compressed

 

2.1921-

1922 және 1930-1932 жылдардағы Қазақстандағы аштықтың 

зардаптарын салыстырыңыз.  

 1921-


1922  жылдардағы  аштықтың  зардаптары:  Қазақстандағы  жеті 

губернияның  бесеуі  аштыққа  ұшырады.  1921ж.  жазда  БОАК-тың 

Декретімен  Орал,  Орынбор,  Ақтөбе,  Бөкей,  Қостанай  губерниялары 

аштық  жайлаған  аудандарға  жатқызылды.  Аштыққа  індет  қосылды. 

Кейбір  жерлерде  жұттан  малдың  80%  қырылуына  әкелді.  Аштықтың 

солтүстік-батыс  аудандарға  таралуына  табиғи  апат  қана  емес, 

орталықтан  жасақталған  азық-түлік  отрядтарының  ауыл  шаруашылық 

өнімдерін  күшпен  тартып  алулары  себеп  болды.  Ақмола,  Семей 

губернияларынан  4  млн  пұттан  астам  астық  және  24,5  мың  пұт  май 

жинап  алынды.  Жинап  алынған  ет,  астық,  май  өнімдері  алдымен  – 

Мәскеу,  Петроград,  Самара,  Қазан,  Саратовқа  жіберілді.  Соның 

салдарынан аштықтан аман аудандардың халқы ашыға бастады. 1922 

жылдың  маусымына  қарай  Батыс  Қазақстанда  аштыққа  ұшырағандар 

мен  аурулардың    жалпы  саны  82%-ына  дейін  жетті.  Республика 

халқының  1/3  бөлігін  аштық  жайлады,  ашыққандар  1921  жылдың 

қарашасында  1  млн.  508  мың  болса,  1922  жылдың  наурыз  айында  2 

млн.  303200  адам  болды.  Аштықтан  тұтас  ауылдар  қырылып, 

халықтың  саны  азайды,  700  мыңнан  астам  адам  Қазақстаннан 

тысқары  аймақтарға  көшіп  кетті.  Осы  кезеңде  1  млн-ға  жуық  адам 

аштықтан, суықтан, аурудан қаза тапты.  

1930-

1932 жылдардағы аштықтың зардаптары: 




 

90 


 

1)  Республикамызда  1929  ж.  -40,5  млн.  мал  болса,  1933  ж.  -4,5  млн. 

мал қалды. 

2) 


1  млн-ға  жуық  адам    -  басқа  жаққа  көшіп,  босып  кетті,  600  мыңы 

оралған жоқ, бұл жағдайды тарихта «қызылтабан шұбырынды»  деп 

бағалайды. 

3) 


Демограф  М.Тәтімовтің дерегі  бойынша халық саны 1931 жылы 5 

450  мың  қазақ  болған,  оның  2,3  млн.  қырылды  десе,  тарихшы  

Т.Омарбековтің  айтуынша  1931  жылы  4  836  мың  қазақ  болса,  оның  

2,230  мыңы  аштық  құрбаны  болды  деген  деректер  береді.  Жалпы, 

соңғы  кезде  демографтардың  табиғи  өсімді    ескере  отырып  есептеуі 

бойынша  1930  жылы  қазақтардың  саны  3845,4  мың  адам.  Аштық 

құрбаны болған адамдардың саны- 1 млн 798,4 мың адам.Сол кездегі 

қазақ  халқының  46,8% -ын  құрайды.  Ал  халық  шаруашылығы  есептеу 

басқармасының  (ХШЕБ)  келтіруі  бойынша  1930  жылы  Қазақстан 

тұрғындарының  саны  5873  мың  болған,  1934  жылы  2681,9  мың 

адамды  құрады.  Қазақтар  өздерінің    тарихи  отанында  ұзақ  жылдар 

азшылық  жағдайына  түсті,  сандық  мөлшері  жағынан  1926  жылғы 

деңгейін  тек  1966  жылы  ғана,  40  жылдан  соң  қалпына  келтіре  алды. 

Бұл жағдай қазақ халқы үшін «ұлы жұт»  деп аталады. 





Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   84   85   86   87   88   89   90   91   ...   98




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет