97
30
– Билет
1.«Андронов» мәдениеті мен Беғазы-Дәндібай» мәдениеттеріне
сипаттама жасаңыз.
2. Қасым хан мен Тәуке хандардың билігін салыстыра отырып,
ішкі, сыртқы саясатындағы ұқсастықтарды анықтаңдар.
3.
Сақтардың қоныстанған аймақтарын картаға белгілеңіз.
Жауабы:
1.
Андронов және Беғазы-Дәндібай мәдениеттеріне сипаттама
жасаңыз.
Қола дәуірінде Қазақстан жерінде бірінен соң бірі жалғасып келетін екі
мәдениет болған. Оның көнесі –Андронов мәдениеті (б.з.б.ХVІІІ-ХІІғғ.).
Ал б.з.б. ХІІ-VІІІғғ.,яғни соңғы қола дәуірінде Беғазы-Дәндібай мәдениеті
қалыптасты. Қазақстанның қола дәуірі ескерткіштерінің ең көп таралған
және жақсы зерттелген аймағы – Орталық Қазақстан. Ә.Х.Марғұланның
кезеңдеуі бойынша Орталық Қазақстанның қола дәуірі ескерткіштері екі
мәдениетке - Андронов және Беғазы-Дәндібай мәдениеттеріне жатады.
Андронов мәдениеті екі кезеңге бөлінеді: а) алдыңғысы –Нұра кезеңі;
ә)кейінгісі –Атасу кезеңі. Нұра, Атасу өзендері атымен аталады.
Андронов мәдениеті алғашқы ескерткіші Оңтүстік Сібірдегі Ачинск
қаласының маңындағы Андронов селосынан табылған, сондықтан осы
селоның атымен аталады.
Беғазы-Дәндібай мәдениеті: Орталық Қазақстандағы Беғазы және
Дәндібай мекеніндегі обаларға байланысты қойылған.
Андронов мәдениетіндегі жерлеу орындары: а) Нұра кезеңінің жерлеу
орындары кішігірім қазандай жалпақ тастарды жерге жартылай
батырып орнатқан қоршау түрінде болып келеді. Қоршау пішімі әртүрлі-
дөңгелек,
тік
төртбұрышты,
шаршы
түрінде
кездеседі.Қабір
98
қабырғалары кішігірім жалпақ тастардан қаланған тас сандық сияқты,
тас сандықты –циста деп атайды.
ә)Атасу кезеңінің жерлеу орындары да Нұранікіндей дөңгелек, төрт
бұрышты қоршаулар болып келеді. Қабірлері, негізінен, үлкен
қақпатастардан салынған, тас сандықтар-циста жоқ. Кейде жер қабір,
кейде ағаш рама түрінде де кездеседі. Бұл кезеңде қос қабір (бір
қоршау ішіне) немесе көп адамды бір зиратқа жерлеу кездеседі.
Беғазы-Дәндібай мәдениетінің жерлеу орындары: үйлердің, жерлеу
орындарының құрылыстары өте ірілігімен, тас қашау, тас қалау өнерінің
жетілгендігімен ерекшеленеді. Қабырғаларына екі қатар болып
қаланған
тастар
бір-бірімен
иленген
балшық
арқылы
байланыстырылып, ішкі, сыртқы жақтарына тастың тегіс бетін қаратып
қалаған.
Андронов мәдениетіндегі адамды жерлеу ғұрпы: а) Нұра кезеңінде
көбінесе адамның сүйегін жартылай өртеп қойған, кейбір зираттарда
адамды өртемей қою ғұрпы да кездеседі.ә) Атасу кезеңінде адамды
сол күйінде жерлеген, өртеу ғұрпы сирек кездеседі.
Беғазы-Дәндібай мәдениетінің адамды жерлеу ғұрпы: үлкен
патриархалды
отбасыларға
арналған,
көп
адам
жерленген
зираттардың орнына бір-ақ адам жерленген үлкен жерлеу
құрылыстары кездеседі. Бұл - осы кезеңдегі ру, тайпа көсемдерінің,
беделді бай адамдардың зираты.
Ыдыс жасау ерекшеліктері: Андронов мәдениетінің Нұра кезеңі қыш
ыдыстарының иіні дөңгеленіп келсе, Атасу кезеңі ыдыстарының
мойнынан бүйіріне ауысар тұсы тіктеу болып келеді. Нұра кезеңі
ыдыстарындағы өрнек мойнынан бүйіріне дейін біртұтас, Атасу кезеңі
ыдыстарында өрнек мойнында, ортан белінде, кейде түп жағына да
бедерленген.
Беғазы-Дәндібай мәдениетінің ыдыс жасау ерекшеліктері:ернеуі тік,
бүйірі шар тәріздес болып томпайып келген, түбі тегіс. Құмыра
өрнектері –тарақ жүзді, үзік сызықты үш бұрышты, ұштаған таяқшамен
салынған және батырып салынған таға сияқты, моншақ, түйін өрнектер
кездеседі.
Достарыңызбен бөлісу: