Қазақстан республикасы білім және ғылым министрлігі ұлттық тестілеу орталығЫ



Pdf көрінісі
бет94/98
Дата30.05.2020
өлшемі0,81 Mb.
#71768
1   ...   90   91   92   93   94   95   96   97   98
Байланысты:
KAZAKSTAN-TARIKHY.compressed

 

2.

Қытай  саяхатшысы  Чжан  Цянь  мен  Шоқан  Уәлихановтың 

сапарын салыстыра сипаттап, мақсатын, ерекшеліктерін атаңдар. 

Қытайда  б.з.б.  ІІІ  ғасырдың  соңында  құлаған  Цинь  патшалығының 

орнына  келген  Хань  әулетінің  императоры  У-ди  жаңа  жерлер  басып 

алу  мен  сауда  жолына  ие  болу  үшін  Батыс  аймақтарды  бағындыруға 

ұмтылды.  Сол  мақсатта  алдымен  батыс  өңірдегі  халықтар  жөнінде 

материалдар жинақтады.  Қазақстан тұрғындары туралы алғашқы анық 

мәлімет  император  У-ди  (б.з.д.  140-87жж.)  Батыс  өңірге  жіберген 

тұңғыш  Қытай  елшісі  Чжан  Цяньнан  алынды.  Қытай  жазбаларындағы 

«Батыс  өңір»  деген  жерлер  қазіргі  Шыңжың  (Шығыс  Түркістан)  және 

Қазақстан  мен  Орталық  Азияның  біраз  бөлігіне  қатысты  қолданылды. 

Чжан Цянь екі рет Батыс өңірде болып қайтты.  

Чжан Цянь бастаған елшіліктің мақсаты: 

Чжан Цянь бастаған елшілікке ғұндарға қарсы Жетісудағы үйсіндермен 

одақ  жасау  міндеті  жүктелді.  Ол  елшілік  барысында  жергілікті 

халықтың  шаруашылығына,  әскери  күштеріне,  қару  түрлеріне,  әдет-

ғұрып, салт-дәстүріне дейін назар аударып, жазып алып отырды. Оның 

жазбаларын  б.з.б.  145-86  жж. өмір сүрген  тарихшы  Сыма  Цян  жүйеге 

келтіріп, өзінің «Тарихи жазбалар»  атты еңбегіне енгізді. 

Ерекшелігі:Чжан  Цян  бастаған  елшілік  Үйсін  мемлекетімен  ресми 

түрде дипломатиялық, құдандалық қатынас орнатты.  

Б.з.б.138  жылы  Чжан  Цянь  «Батыс  өңірге»  алғаш  келді.  Ол:  «Қазір 

үйсіндер  күшті  елге  айналыпты.  Мол  сыйлық-тартулар  ұсыну  арқылы 

үйсіндерді 

шығыстағы 

атамекеніне 

көшіріп 

әкелуге, 

оларға 

ханшамызды  ұзатып,  күнбимен  құдандалық  байланыс  орнатып, 

ғұндарға  қарсы  қолдануға  болады»,  -  деп  жазды.  Қытай  императоры 

б.з.б.119  жылы  Чжан  Цяньды  тағы  да  үйсіндерге  атандырды. 

Нәтижесінде, елшіліктер алмасып, туысқандық некелік қарым-қатынас 

орнатылады.  Б.з.б.107  (106-105жж.)  жылы  Қытай  ханшасы  асқан 

салтанатпен  үйсін  күнбиіне  ұзатылды.  Өз  тарапынан  үйсіндер 

қалыңмал ретінде 1 мың жылқы берген. 

1858-

1859  жылдары  Шоқан  Уәлиханов  атақты  Қашғария  сапарына 



барып  қайтты.  Шоқанға  дейін  ол  өлкеде  бірде-бір  зерттеушінің  барып 


 

96 


 

қайтуының  сәті  түспеген  еді.  Тек,  орта  ғасырда  М.Поло,  ХVІІғ.  иезуит 

Гоес,  ал  Шоқанның  алдында  неміс  ғалымы  Р.  Шлагинтвейттің 

еуропалықтар  үшін  мүлде  жабық  өлкеге  сапары  қайғылы  аяқталып, 

өлім жазасына кесілген болатын. 

Шоқанның Қашғар саяхатының мақсаты: 

Жартылай  отарлық  жағдайға  түскен  Қытайды  экономикалық  жағынан 

өз  мүддесіне  пайдалануға  Ресей    барынша  тырысты.  Еуропалық 

отаршылдарға  қарсы  Қытай  «жабық  саясат»  ұстады.  Шығыс 

Түркістандағы Қашғария да еуропалықтарды өз еліне кіргізбеді. Шоқан 

бұл  сапарға  Ресей  империясы тарапынан жіберіліп,  Қашғарияны  жан-

жақты зерттеп қайтуы тиіс болды. 

Шоқан бұл сапарға ғалым ретінде асқан зор қызығушылық танытты, ол 

Қашғария  өлкесінің  тарихы,  этнографиясы,  мәдениеті,  географиялық 

жағдайы жайлы бұған дейін мүлде белгісіз аса құнды деректер жинап 

қайтты.  Соның  негізінде  «Алтышардың  немесе  Қытайдың  Нан-Лу 

провинциясының  (Кіші  Бұхара)  шығыстағы  алты  қаласының  жағдайы 

туралы»  деген  атақты  еңбегін  жазды.  Шоқанның  бұл  еңбегі  көп 

кешікпей  Германияда  және  Англияда  неміс  және  ағылшын  тілдерінде 

жарық көрді. 

Еңбекті  Ресейде  де,  одан  тыс  жерлерде  де  шығысты  зерттеуші 

ғалымдар жоғары бағалады.  

Шоқанның Қашғар сапарының ерекшелігі: 

Шоқан  Қашғария  сапарына  Әлімбай  саудагердің  атын  жамылып,  өз 

зерттеулерін  құпия  жағдайда  жүргізуге  мәжбүр  болды.  Аса  қиын 

жағдайда өз өмірін қатерге тіге жүріп зерттеп қайтты. 



Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   90   91   92   93   94   95   96   97   98




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет