3..
Қазақстан аумағындағы неолит дәуірінің тұрақтарын картаға
белгілеңіз.
Қазақстанда табылған неолиттік ескерткіштер негізгі белгілері жағынан
бір-біріне ұқсас.Арал өңірінен:найзаның тас ұштары,жалпақ пышақтар,
екі жүзді де өңделген жебе ұштары табылды.Солтүстік Қазақстандағы
Пеньки селосы маңындағы тұрақта тас шапқылар, жалпақ пышақтар,
жаңқадан жасалған қырғыштар көбірек кездеседі. Балқаштың
солтүстігінде шақпақ тастан жасалған ұсақ құралдар: тілікшелер,
жаңқалар, нуклеустар және жебе ұштары көп кездеседі.Орталық
Қазақстанда Қарағанды, Зеленая Балка тұрақтарынан үй малының
сүйектері табылған. Жезқазған өңірінен 150-ге жуық тұрақ, көне кен
шығару, жерлеу орындары табылды. Жерлеу орындарының үстіне тас
үйген. Қабірдің қабырғасы тас плиталармен қоршалған. Адамды басын
солтүстік-батысқа қаратып шалқасынан жерлеген. Бұл-неолит дәуірі
адамдарының өзіндік дүниетанымы, о дүниеге деген сенімі
болғандығының куәсі.
Достарыңызбен бөлісу: |