106
бағалаған кезде сыртқы қағазына, жазуына, ақауына, қомпайғанына, таттануына,
қақпағының дұрыс жабылғандығына көңіл бөлу керек. Ақауы бар ("птичка")
қалбырға ауа кірмегендігін тексереді. Егер ол бұзылған болса, қалбырды тазалық
сақтау ұйымдарының рұхсатымен өткізуге болады. Қалбырдың герметикалылығы
бұзылған болса, оны техникалық өңдеуге жібереді. Герметикалық қалпы сақталса
да
ақауы бар қалбыр, тазалық сақтау ұйымдарының рұхсатымен қоғамдық
тамақтандыру орындарына өткізіледі. "Шыртылдақтар" (хлопушки)
сақтауға
келмейді, сондықтан оны тезірек өткізу қажет.
Оңай тазаланатын таттанған қалбырларды тазалағаннан кейін,
бейтарап
(нейтральный) вазелинмен майлап, қалыпты жағдайда сақтайды.
Қалайы
қабатының бұзылуына
себепші болған тот басқан қалбырды (сүрткеннен
кейін
қара дақ қалса) тазалағаннан кейін сақтауға болмайды,
оларды тез арада өткізу
қажет. Қатты тот басқан үлкен дақтары бар қалбырларды техникалық өңдеуге
жібереді. Қампайған қалбырлар (қампайған себебіне қарамастан)
техникалық
өңдеуге жіберіледі. Құр қампайып,
қалпын өзгерткеніне қарамастан,
герметикалығын сақтаған қалбырлар, сапасын тексергеннен кейін тазалық сақтау
ұйымдарының кәсіпорын мал дәрігерінің рұхсатымен қысқа мерзімде өткізілуі
тиіс.
Достарыңызбен бөлісу: